Амирова Гульжан Медетқызы
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Д Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі .Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
| Мұғалімнің аты—жөні | Амирова Гульжан Медетқызы | Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп Сызу пәні 9 сынып |
| Сабақ атауы | Тетіктерді біріктіру сызбалары/ажырамайтын біріктірулер/. | |
| Сілтеме | Білім стандарты,пән бағдарламасы, «Сызу»оқулығы,Авторы: Чукалин В Г. Ахметжанов М М | |
| Жалпы мақсаты | Білімділік: Тетіктерді біріктіру әдістері,ажырамайтын біріктірулерді сызбада көрсете білуге үйрету,өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,өздерінше ой қорыта білуге,таным мүмкіндігін анықтап ,сызбаларды сыза білуге үйрету; Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға,шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп,ой-қиялдарын,өз бетімен шешім қабылдау белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту; Тәрбиелік: Теориялық білімдерін сындарлы ойлау жүйесі арқылы практикада шыңдау,ұйымшыл болуға ,ұқыптылыққа,жинақтылыққа тәрбиелеу | |
| Күтілетін нәтиже | — -Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру ; -тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену ; — өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру ; -сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту ; | |
| Негізгі идеялар | тапсырмаларды орындауда сызу дағдыларын арттыру;байланыстыру, ойлау жүйесін жетілдіру; адамгершілік, ізгілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. | |
| Дереккөздер | Ресурстар, электронды оқулық, флипчарт,тест, т.б. | |
| Қолданылатын модульдер | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.АКТ-ны пайдалану.Талантты,дарынды балаларды оқыту.Оқушылардың жас еркшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.Оқытуды басқару және көшбасшылық. | |
| Тапсырма-лар | «Оймоншақ»,«Стикер-диалог»,«Ат және атбегі»,«Жұптас-ойлан-талқыла» «Стикерлер топтамасы», «Зерттеу алжапқышы» , «Тез жауап бер»әдісі , тест | |
| Кейінгі тапсырма-лар | Үй тапсырмасы №202 сызба .Тетіктерді біріктіру сызбалары.Реферат жазу
| |
| Ұйымдастыру жұмыстары: Амандасу «Жан жылуы» тренингі Шаттық шеңбері — Сабағымызды бастамас бұрын бәріміз қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, бір сәт жүрегіміздің дүрсіліне құлақ асайық. Ал жүрегіміз мейірім, қайырымдылық, адамгершілік, махаббат, жылы сезімге толы деген сенімдемін. Енді осы жүрек жылуымызды түсіріп алмайтындай етіп, қолымызды бірден төмен түсірмей, оң қолымызбен қасымыздағы баланың сол қолын ұстап,қатты қысып, бөлісейік.Қандай көңіл-күйдесіздер? -Ендеше, бір-бірімізбен ғана емес, қонақтарымызбен де бөліссек. Олар да біздің жүрек жылуымыз бен мейірімізді сезінсін. Осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастаймыз! Үй тапсырмасы -Үй тапсырмасы: Тетіктерді біріктіру сызбалары.Ажырайтын біріктірулер: -Бұрандалы ажырайтын біріктірулер: болттық біріктіру,винттік біріктіру,бұрамасұқпалы біріктіру; -Бұрандалы емес ажырайтын біріктірулер:кілтектік біріктіру,штифтік біріктіру; «Оймоншақ» әдісі бойынша үй тапсырмасына дайындығын тексеру Әдістің шарты: Оқушылар шеңбер бойынша моншақты үзбей бір-біріне өткен тақырып бойынша бірін-бірі қайталамай бір сауалдан қояды. Бірінші кезекте тек бір сауалдан түгел қойып болған соң, кейінгі айналымда сол ретпен жауап беріледі. Жауап бере алмаған немесе жауабы толық емес оқушы шеңберден шығарылады. — Жауап берген оқушылар сабаққа кірерде тағылған алқа түстері бойынша топтарға орналасады. Жауап бере алмай шеңберден қалып қойған оқушыларды тобы жауап беріп құтқарып, топқа қосады. Ең алғашқы боп белсенділік танытқан оқушы топ басшысы боп сайланады. Топ басшыларына бағалау парақшалары таратылып, бағалау критерийлері түсіндіріледі.
|
| Ойшақыру. Тетіктерді біріктіру сызбалары.Ажырамайтын біріктірулер. А.-Электрондық оқулықпен жұмыс Ажырамайтын біріктірулер: -Тойтарып біріктіру, -Пісіріп біріктіру -Дәнекерлеп біріктіру -Желімдеп біріктіру -Тігіп біріктіру Б.Ажырамайтын біріктірулер. Талантты,дарынды оқушынының презентациясы І Білу. «Стикерлер топтамасы» әдісі Әдістің шарты : Оқушылар қойылған сауалдар бойынша ойларын жинақтап, постерге сызып, қорғайды. І топ: Бұрандалы ажырайтын біріктірулер,олардың сызбасы ІІ топ: Бұрандалы емес ажырайтын біріктірулер,олардың сызбасы ІІІ топ: Ажырамайтын біріктірулер,олардың сызбасы ІІ Түсіну . «Ойлан,жұптас,талқыла»әдісі Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, жаңа тақырыпты өздеріне ашқызу мақсатындағы жұптық жұмыс ІІІ. Бекіту .«Ат және атбегі» әдісі Әдістің шарты: Оқушылар екі топқа бөлінеді. 1-топ: «Ат»- жауаптары белгіленген оқушылар. Олар үнсіз парақшаларын көрсетіп тұрады. 2-топ: «Атбегі»-сұрақтар таратылған оқушылар. Олар өз сұрағына сай келетін жауапты тауып, «атымен» жұптасу керек Осы жұптасып шығарған ережелерін «Зерттеу алжапқышына» салады. |
| IY Талдау.Шығармашылық жұмыс: Тетіктерді біріктіру әдістері 1-топ: Сүт қорабын жасау/Желімдеп біріктіру/ 2-Топ: фото альбомды біріктіру /Тігіп біріктіру/ 3-топ: Фото рамкасын жасау/Тігіп біріктіру/ |
| Y Жинақтау .«Тез жауап бер»әдісі 1.Бұрандалы біріктірулер қандай жағдайларда қолданылады? 2.Ажырайтын біріктірудің сызбаларын орындау кезінде қандай шартты белгілер пайдаланылады? 3.Кілтекті ,штифтік біріктірулерді қай кезде қолданады? 4.Ажырамайтын біріктірулердің қандай түрлерін білесіңдер? 5.Пісіріп біріктірумен дәнекерлеп біріктірудің айырмашылығы неде?
|
| YI.Үлестірмелі карточкаларды пайдаланып,деңгейлік тапсырмаларға жауап алу
|
| YIІ .Тест жұмысы |
| Бағалау Топ жетекшілері топтары бағаларын таныстыру Мұғалім бағасы
Рефлексия «Блоб арқылы кері байланыс»
|
| Үй тапсырмасы №202 сызба .Тетіктерді біріктіру сызбалары.Реферат жазу
|
