JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Мәтіндік ақпаратты өңдеу. Практикалық сабақ

Сыныбы: 7 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік ақпаратты өңдеу. Практикалық сабақ
Сабақтың мақсаты:


Білімділік:
оқушыларға Word Pad мәтіндік редакторы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау
Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру,
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, дербес компьютер, проектор, житондар, карточкалар.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
Сыныпты екі топқа бөлемін де, жарыс түрінде өткіземін. Сабақ бірнеше турдан тұрады. Әр топта топ басшылары сайланады. І — ші топ «Word», ІІ топ «WordPad».

Қол алысып, қане біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге.

Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізге, мына отырған ұстаздарымызға жақсы тілектерімізді арнайық.

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І тур. «Өрмекшінің торы»  Оқушылар бір – бірден шығып қолдарына жіпті байлай отырып сұрақтар қояды, қойылғын сұрақтарға жауап берген оқушы өрмекшінің торынан босап шығады.

Жаңа сабақ

ІІ тур. «Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керек
Сөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, интернет, жүйелік блок .

ІІІ тур. Түсіну тапсырмалары:

Ұқыпсыз мәтін теруші Жамбыл Жабаевтың өлең шумақтарын шатастырып алыпты. Қанекей көмектесіп жіберейік.

1-топқа. Адасқан өлең шумақтары

Айналайын, алайын.
«Ата, ата» — деп келгесін,
Жүрегімді жамайын.
Ақ бетіңнен өбкен соң

2-топқа. Адасқан өлең шумақтары

Мен бір әнге салайын.
Ермек болып отырсаң,

Көтеріліп қалайын!
Көңілімді шат қылсаң,

АТАНЫҢ ӘЛДИІ

«Ата, ата» — деп келгесін,
Айналайын, алайын.
Ақ бетіңнен өбкен соң
Жүрегімді жамайын.

Ермек болып отырсаң,
Мен бір әнге салайын.
Көңілімді шат қылсаң,
Көтеріліп қалайын!   (Жамбыл Жабаев)

 

IV бөлім. Практикалық бөлім
Менің Отаным — Қазақстан деген мәтінді теріп.
Отан деген атпен сақтау
Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз отыздын  аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

Ү. Үйге тапсырма: Word бойынша ребус құрып келу.

Қосымша тапсырма.

А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазу
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Не білдім? Не білгім келеді? Нені білмей қалдым?

Бағалау.
Сабақтың басында оқушыларға бағалау бетшесі таратылып беріледі. Сондағы ұпай сандары арқылы бағалау.

VІ.Қоштасу шеңбері

Бәріміз дос бауырмыз

Ажырамас іргеміз

Қиындыққа мойымай

«Сау болыңыз!» — дейміз біз.

QazCrypto.kz - Новости о криптовалютах в Казахстане