JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабақ жоспарлар сайты 2018-2019ж

Компьютерлік модель.Компьютерде модельдерді зерттеу

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Боран ауылы

Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия КММ

«Компьютерлік модельдеу. Компьютерде модельдерді зерттеу»

Нурсаханова Раушан Турсыновна

информатика пәні мұғалімі

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ

Сынып: 8 Пәні: Информатика Күні:
Сабақтың тақырыбы Компьютерлік модель. Компьютерде модельдерді зерттеу.
Жалпы мақсаты Компьютерлік модель, компьютерде модельдерді зерттеу ұғымдарымен таныстыру. Қолдану салаларын, маңызын ұғындыру.
Сабақтың типі Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі СТО. Блум таксономиясы. АКТ. Топтық, жұптық жүмыс формасы.
Оқыту нәтижесі Комьютерлік модель ұғымын түсінеді. Модель құру және зерттеу барысында компьютердің рөлін ұғынады. Қолдану салаларын айта алады.
Білу Модель, модельдеу, компьютерлік модель, компьютерлік модельдеу ұғымдарын біледі. Модель түрлерін атай алады.
Түсіну Компьютер көмегімен модельдерді зерттеу қалай жүзеге асырылатынын түсінеді.
Қолдану Компьютер көмегімен қарапайым компьютерлік модельдер жасай алады.
Талдау Модельдерді белгілі бір ерекшеліктері бойынша топтасра алады.
Жинақтау: Компьютерлік модель терминіне кластер құра алады.
Бағалау: Компьютерде модельдерді зерттеудің адам өміріндегі маңызына бағабереді.
Ресурстар Үлестірме парақ. Таныстырылым. Проектор. Экран. Компьютер. Интернет жүйесі. А4. Түрлі-түсті қаламдар. Қосымша дидактикалық материалдар. Стикерлер т. б.

 

 

 

 

Сабақ кезеңдері.Уақыты Жұмыстың мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.1 мин. Жағымды ахуал орнату.Топқа бөлу. Оқушылармен амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау.Топқа бөлу. (түрлі түсті фигуралар көмегімен 3 топқа бөлінеді) Мұғаліммен амандасады. Көңіл-күйлерін «Басбармақ» әдісі бойынша көрсетеді.Түрлі-түсті фигуралар таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Білімді өзектендіру.2 мин Тақырыпқа қызығушылық туғызу. Оқушыларды ойлауға ынталандыру.Оқушы зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсат, міндеттерін саналы түрде қабылдауын қамтамасыз ету. Слайд1. Әртүрлі модельдердің суретін шығару. Бұл не? Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?Тақырыпты көрсету.Слайд2 «Компьютерлік модель. Компьютерде модельдерді зерттеу».

Оқушылармен бірлесе сабақтың мақсат, міндеттерін айқындау. Блоб ағашының «Дейін» бөлігіне осы тақырып бойынша өздерін бағалату. Бағалау парағын тарату. (Қосымша 3)

Слайдтағы әртүрлі модельдерге қарай отырып оларға ортақ ат береді. (модель, макет т б)Дәптерге тақырыпты жазып алады.Мұғалім сұрақтарына жауап бере отырып бүгінгі сабаққа өздерінің алдына мақсат, міндеттер қояды. Блоб ағашының «Дейін» бөлігіне өздерін белгілейді.
Білу:жаңа тақырыпты меңгерту.2 мин

3 мин +

3 мин +

2 мин

Негізгі ұғымдарды меңгерту.

  1. Модель : түрлері.
  2. Компьютерлік модель
  3. Модельдеу
  4. Компьютерлік модельдеу
  5. Компьютерде модельдерді зерттеу
  6. Слайдтар арқылы шолу жасау. Слайд 4-8
  7. Топтық тапсырма орындату. Өкіл стратегиясы. (Қосымша 1). Постер жасату, қорғату, бағалату,   қортындысын шығару.
  1. Негізгі ұғымдарды дәптерге жазады.
  2. Берілген теориялық материалды оқи отырып постер жасап, қорғайды. Стикер арқылы бағалайды. Кері байланыспен жұмыс жасайды.

 

Түсіну: Жұптық тапсырма.7 мин Компьютерде модельдерді зерттеу қалай жүзеге асырылатындығы жайында қосымша материалмен жұмыс жасайды. Пәнаралық байланыс жасалады. Оқушыларды фигуралар бойынша жұпқа бөлу. Слайд 9. (слайдта әр жұптағы фигуралар және түстері көрсетіледі). Үлестірме тапсырма тарату. (Қосымша 2) Интернетпен жұмысты ұйымдастыру. Оқушылар жұпқа бөлініп тапсырма орындау барысында интернеттен қосымша ақпарат іздеу, сұрыптау, талдау жұмыстарын жүргізеді. Дәптерге өз түсінгендерін жазады. Оқиды.
Сергіту сәті.3 мин Оқушылардың көңіл күйін көтеру, бой жаздыру. «Тұрғын. Үй. Дауыл» ойынын ойнату Ойын ойнап, сергиді. Бір-бірімен эмоциялық және физикалық қарым-қатынасқа түседі.
Қолдану.Жұптық жұмыс5 мин +

1 мин

Кесте құру, жазбаша сипаттау не графиктік редактор көмегімен модель құрып көреді. Стикерлер арқылы өздеріне ұнаған модельге дауыс береді. Комьютерде модель құрдыру.Слайд 10 Стикер көмегімен бағалауды ұйымдастыру. Әр жұп ақылдаса отырып өздері таңдаған объектінің компьютерде моделін құрады. Бір-бірін стикер арқылы бағалайды.
Талдау2 мин Модельдерді қандай да бір белгілері бойынша топтастырады «Топтастыру». Слайд 11.Экранда модель суреттері беріледі. А-4 таратылады. Экрандағы суреттерді топпен ақылдаса отырып топтастырады. А4-ке жазады. Ауызша айтып береді.
Жинақтау. Топтық жұмыс

  • мин
  • мин
Берілген тақырыпқа кластер құрадыБасбармақ әдісі бойынша бағалайды. «Компьютерлік модель»терминіне кластер құру, қорғау, бағалауды ұйымдасту. Кластер құрып қорғайды.Топтар бір-бірін басбармақ әдісімен бағалайды.
Бағалау.3 мин Жеке жұмыс.Тақырыптың өзектілігіне баға беру. Ой жинақтау. Эссе жаздыру: «Болашақ – компьютерлік модельдеу еншісінде» «Компьютерлік модельдеудің» маңыздылығына баға береді. Өз ойын айтуға дағдыланады.
Үй тапсырмасын беру1 мин
  1. Тақырып бойынша тест құру немесе
  2. Сыныптың ақпараттық моделін құрып келу. немесе
  3. «Модель» терминіне синквейн құрып келу
Оқушыларға үй тапсырмасын беру.Түсіндіру. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау2 мин Оқушылардың іс-әрекетін бағалау. Сабаққа кері байланыс алу. Блоб ағашының «Кейін» бөлігіне өзін бағалату.Бағалау парағына жиынтық бағасын шығару. Өзін Блоб ағашына бағалайды. Кері байланыс қалтырады. Топмүшелерінің бағаларын шығарады

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер мен интернет-ресурстар:

 

  1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. Информатика, 9 сынып. «Мектеп», 2013ж
  2. Жақсылықова Г. И., Каженова а. М., Исмагилова Н. З. Интербелсенді әдіс-тәсілдер., Өскемен, 2014
  3. http://www.bourabai.kz/cm/ сайтының материалдары.
  4. https://distributed.org.ua/ сайтының материалдары

 

 

Мұғалім түсіндірмесі.

Модель. Модельдеу.

Ерте заманда модельдеу түсінігі құрылыс және архитектура саласында қолданылса кейін жаратылыстану ғылымдарында, келе-келе қоғамдық гуманитарлық ғылымдарға да енді. Модельдеу – адамның өз іс-әрекетін алдын-ала жоспарлап, дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді.

Модель объектінің қандай да бір қасиеттеріне ие болуы керек. Бірақ модель объектінің толық көшермесі бола алмайды. Оның қандай болатыны бастапқы объектіні не үшін зерттеп жатқанымызға байланысты. Сондықтан бір объектінің зерттеу мақсатына қарай бірнеше модельдері бола алады.

Модельге мысал ретінде әдеби шығарманы, ғимараттың макетін немесе қағаздағы сызбасын, киім үлгісін, адам қаңқасын, глобусты, тартылыс күші формауласы тағы басқаларын айтуға болады.

Модельдер көрсетілуіне қарай екі үлкен топқа бөлінеді – материалдық және ақпарттық. Материалдық модельді заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық немесе физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельге мысал ретінде қарапайым балалардың ойыншығын алуға болады. Олардың көмегімен балалар қоршаған орта жөнінде түсінік алады.

Ал ақпараттық модель деп объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін және сыртқы әлеммен өзара байланысын сипаттайтын ақпараттар жиынтығын айтамыз. Ақпараттық модельдің өзі вербальдік және таңбалық деп бөлінеді. Вербальдік модель дегеніміз ойша немесе әңгіме түріндегі ақпараттық модель.

Мысалы адам жолда келе жатып бағдаршам түсіне немесе келе жатқан көліктерге қарап ойша алдын-ала жолды қиып өту жоспарын құрады – бұл вербалдік модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез-келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады. Таңбалық модельге – сурет, график, сызба, мәтін мысал бола алады. Адамның ойындағы вербальдік модель әртүрлі таңбалар арқылы көрсетілуі мүмкін.

Көрсету түріне (таңбаға) қарай ақпараттық модельді мынандай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар

Ауызша модель – ауызша және жазбаша сипаттаулар

Математикалық модель – математикалық формулалар арқылы беру

Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер тағы басқа.

 

Қосымша 1. Компьютерлік модель.

Компьютерлік модельдеу ақпараттық модельдеудің бір түрі болып табылады. Адам құрылатын модельдің бейнесін алдын-ала ойлағаннан соң оны іске асыруға ыңғайлы программалық құралдардың көмегіне жүгінеді. Яғни компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтамыз. Ал модельдеуді компьютерлік бағдарламалар көмегімен жүзеге асыруды –компьютерлік модельдеу деп атауға болады. Мысалы геометриялық модель (сурет, сызба т. б.) құру үшін – графикалық редакторлар, сөзбен сипатталатын модель үшін мәтіндік редактор, кестелік модельдер үшін электрондық кестелер немесе деректер базасын басқару жүйелері қолданылуы мүмкін. Кейде объектінің немесе процестің математикалық моделі құрылып оны ары қарай компьютерді зерттеу арнайы программалау тілдерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау қажет. Зертханалық және табиғи эксперименттер көп уақыт және материалдық шығынды қажет етеді. Есептеу техникасының дамуына байланысты зерттеудің жаңа әдісі компьютерлік тәжірибеге жол ашылды. Комьютерлік тәжірибе жүргізу кезінде объектінің комьютерлік моделі құрылады және ол компьютерде арнайы тестілеуден өтеді. Тестілеу – модельдің дұрыстығын тексеру. Егер нәтиже ойдағыдай болмаса, модельдеу процесі қайта басынан басталуы мүмкін.

Қосымша материал:

Компьютерлік модельдеуді қолдану салалары.

Экология және геофизикада:

Атмосферада немесе суда ластаушы заттардың таралуын зерттеу.

Ауа райын және климатты болжау

Жер сілкінулерін алдын ала болжау

Тасымалдау құрылғыларын модельдеу:

Көлік құрылғыларын жобалау

Ұшқыштарды жаттықтыруда ұшуды иммитациялау

Көлік құрылғылары жүйесін моделдеу

Мұнай, су құбырлары тәрізді гидравликалық жүйелерді зерттеу

Электроника және электротехникада:

Электронды қондырғылардың жұмысын моделдеу

Экономика және қаржы жүйесінде:

Қаржы нарығында бағаларды болжау

Архитектура және құрылыста:

Конструкциялардың беріктігін болжау

Өндірістік процестерді жобалау

Қалалардың даму үлгісін жоспарлау

Басқару және бизнесте:

Ұйымдарды стратегиялық басқару

Тұтыну және шикізат нарығын моделдеу

Роботтарды, автоматтандырылған жүйелерді моделдеу

Медицина және биологияда:

Пластикалық оталардың нәтижесін болжау

Эпидемияның таралуын моделдеу

Дәрілік заттардың әсерін байқау

Саясат және әскери салада:

Мемелекетаралық қатынастарды болжау

Әртүрлі қоғамдық-саяси жағдайларда адамдар тобының іс-әрекетін болжау

Кейбір салаларда модельдеу (ұшақтардың бөлшектерін немесе ғимарат құрылысын) аса үлкен дәлдікті қажет етеді, ал кей жағдайларда (қалалардың дамуы) тек жуықтаған сапалық нәтиже жеткілікті болуы мүмкін.

 

 

 

Қосымша 2.

  • жұп: Ауа-райын модельдеу қалай жүзеге асырылады.
  • жұп: Физикалық құбылыстарды модельдеу қалай жүзеге асырылады.

3 жұп: Ғимараттарды модельдеу қалай жүзеге асырылады.

4 жұп: Киім үлгісін модельдеу қалай жүзеге асырылады.

5 жұп: Көлік құралдарын модельдеу қалай жүзеге асырылады.

6 жұп: Жер сілкінісін модельдеу қалай жүзеге асырылады.

7 жұп: Климатты модельдеу қалай жүзеге асырылады.

 

 

Қосымша 3.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Оқушы Білу«Өкіл» Түсіну«Жұптық жұмыс» Қолдану«Модель құру» Талдау«Топтастыру» Жинақтау«Кластер құру» Бағалау«Эссе жазу» Жиынтық баға
1
2
3
4
5

 

 

Фигуралар арқылы топқа-жұпқа бөлу

 

Блоб ағашы. ДЕЙІН және КЕЙІН.

Презентацияны жүктеу

Следи за нами в FaceBook.
Все новые статьи и много уникального!
Спасибо, не показывайте мне эту штуку больше!
Қызықты ма?
Сабак жоспары
Друг, не уходи!