Шалқар ауданы №12 бөбекжай-бақшасы
Адильшинова Айгерім
Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Кел, билейік
Мақсаты: Би туралы оның түрлері түсінік беру. Бірін-бірі сыйлауға, көмектесуге тәрбиелеу. Музыкалық білімдерін дамыту.
Құрал жабдық: Үнтаспа, сылдырмақтар
Музыкалық шығарма: Кел, билейік
| Әрекет кезең дері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
| Мотива ция-лық қозғау шы | Саз әуенімен әндете сәлемдесу Балалардың назарын өзіне аударту | Сәлемдеседі Балалар музыка жетекшісіне қарайды |
| Іздену-ұйым- дастыру- шылық | Балалар мен сендерге музыка қоямын сендер мұқият тыңдаңдаршы. Үш түрлі биді қояды
Балалар жылдам музыкамен жылдам, жылдам жүреміз Баяу музыкамен вальс билейміз Ал, маршпен балалар ұландарша аяғымызды былай жүреміз Балалар енді әдемі тұрып дауысымызды ашып алайық. Балалар, бүгін біз «Кел, билейік» деген әнді үйренеміз Музыка жетекшісі өзі айтып береді Кел, билейік, кел, билейік. Неге тұрсың билемей?. Кел, билейік, кел, билейік. Неге тұрсың үйренбей? Енді бәріміз бірге әнді айтайық Сергіту сәті: «Шеңберге біз тұрайық» Шеңберге біз тұрайық, Достарым кел билейік. Артқа қадам, алға қадам, Орнымыздабұрылып. Би қимылдары. Музыка ырғағымен билету
Ойын «Үш кит» ойынын ойнаймыз. Шарты: Ол үшін балалар үш топқа бөлінеміз. Музыка да үш топқа үш түрлі болады. Әр топ өз музыкаларын билейді. | Балалар музыканы мұқият тыңдайды Балалар музыка жетекшісіне назар аударады. Балалар музыка жетекшісін тыңдайды және қимылдарын қайталайды.
Дауыс ашу жаттығуларын жасайды.
Балалар музыка жетекшісін тыңдайды
Балалар шеңберге тұрып сергіту жаттығуын жасайды
Өз жұптарын тауып музыка ырғағымен билейді Ойынды бірнеше рет ойнайды |
| Рефлек сивті- түзеуші | Балалар сендер биді қалай билейсіңдер? Балалар жұптасып билеген ұнады ма? билеген ұнады ма? | Балалар музыка жетекшісінің сұрақтарына жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болу: би туралы оның түрлері түсініктері бар;
Қалыптасқан әдет: саз әуенімен әндете сәлемдесу;
Істей білуі: музыка жетекшісінің іс-қимылдарын қайталау;
