JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Тамақтану мәдениеті

Шалқар ауданы №12 бөбекжай-бақшасы.

Елубаева Гүлмайрам Серікқызы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Денсаулық

Білім көздері: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Тақырыбы: Тамақтану мәдениеті.

Мақсаты: «Тамақтану» түсінігінің маңызын ашу. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Ас қорыту ағзаларымен таныстыру.

 

 

Іс-әрекет бөлімдері

 

Тәрбиешінің іс-әркеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Ынталандыру,  сезімдерді ояту.

 

Тәрбиеші сабақты төмендегі өлең жолдарынан бастайды:

 

Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

 

Балалар бір-біріне қарап күлімдем, қай баланың көңіл күйі жоқ болса, көтеруге тырысады.

 

 

 

Ізденістер, ұйымдастыру.

 

1. Әңгімелесу.

Адам ағзасы белгілі бір уақытта ас қабылдап үйренгендіктен, күнделікті сол уақытта асқазанда ас қортытатын арнайы сөл бөлініп шығады. Бұл сөл асқазан сөлі деп аталады. Асқазан сөлінің жоғалып кетпеуі үшін күнделікті уақытында дұрыс және жүйелі тамақтану қажет.

Тәрбиеші қолына текшені алады. Адам ірімшікті жеп, одан ағзасына қажетті барлық затты алды. Тәрбиеші текшені үстелдің үстіне қояды. Алманы да жеді-тағы өзіне қажетті затты алды, екінші текшені қойып, үй пайда болғанша жасайды.

 

2. Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне түсіру.

— тамақтың алдында қолыңды жу.

— Жеміс-жидекті жуып же.

— Тамақтану тәртібін сақта.

— Тамақты әбден шайна.

3. Ойын – тәжірибе.

Тамақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген бөлікті салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратады.

Тәрбиеші балаларға «Лимонды ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар», — деп тапсырма береді.

4. Сабаққа қосымша материал

Тіл – сезім мүшелерінің бірі. Ол әртүрлі қызмет атқарады: тыныс алуға, тамақ ішкенде тамақты қозғауға, сілекейлеуге, жылытуға, суытуға, жұтуға, өлең айтуға, сөйлеуге, күлуге көмектеседі. Тілдің көмегімен біз тамақтың дәмін ажыратамыз. Тамақ дәмін ажырата алмайтын адамның тәбеті нашарлайды. Бұл денсаулыққа өте зиян.

 

 

Тәрбиешінің айтқан мәліметтерін мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала қандай күйге түскенін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау, өзін-өзі бағалау.

 

·        Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек – ас қорыту жүйесіне жатады.

·        Ас қорыту жүйесінің негізгі шарты – дұрыс, уақытымен тамақтану.

·        Тамақтанар алдында қолды жуу керек.

·        Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту керек.

 

 

Күтілген нәтиже:

 

Білуі тиіс: Ас қорыту жүйесі туралы білу.

Түсінігі: Тамақтанар алдында қолды жуу керектігін түсіну.

Көрсете білуі: Дәрігер Салауаттың кеңестерін айтып беру.