JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Компьютер әлемінде

Шалқар ауданы №12 бөбекжай- бақшасы

Тоғызбаева Жадыра Майлыбайқызы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Компьютер әлемінде.

Мақсаты:

  1. Балаларды компьютердің бөліктерімен таныстыру.
  2. Қазіргі заман технологиясының жетістіктері мен адам еңбегін жеңілдетуге арналған құралдар (гаджеттер) туралы білімдерін кеңейту.
  3. Компьютердің пайдасы және зияны туралы әңгімелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу, мамандардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, слайдтар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: байланыс құралдары.

Билингвальды компонент: байланыс құралдары- средства связи, бұқаралық ақпарат құралдары- средства массовой ин­формации.

Оқу іс-әрекетінің кезендеріПедагогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықБалаларды шеңберге тұрғызу. «Бұзылған телефон» ойыны.Жүргізуші сайланады. Барлық балалар теріс қарап тұрады. Жүргізуші бір балаға құпия түрде дененің бір тұрысын көрсетеді (оны өзі ойлап табады). Өзі шетке барып, теріс қарап тұрады. Осы тұрысты тағы бір балаға құпия түрде көрсетеді. Осылайша барлық бала бір-біріне тұрыс түрлерін көрсетіп бол­ған соң, барлығы бері бұрылады. Жүргізуші өзінің жасаған қимылын көрсетеді, ең соңғы бала өзіне алдыңғы бала көрсеткен қимылды көрсетеді. Ең бірінші қимыл мен ең соңғы қимыл салыстырылады.
Ұйымдасты-

рушылық-

ізденістік

— Қандай байланыс құралдарын білесіңдер?

Бұқаралық ақпарат құралдары деген не?

Билингвальды компонент. Байланыс құралдары- сред­ства связи, бұқаралық ақпарат құралдары- средства массовой информации.

Педагог слайд арқылы соңғы заман технологиясының жаңа жетілдірілген құралдарын көрсетеді. (Компьютер, ұялы телефон, 3D теледидарлар, электронды рама т.б.) Заманның ағымына қарай бұл құралдардың барлығы күннен-күнге жетілдіріліп, жаңа бір

іс-әрекеттер, тәсілдер қосылып,

жаңартылып жатқаны жайлы

әңгімеленеді.

— Кімнің үйінде қимыл-қозға-

лыстың не алақанның әсерімен

жұмыс істейтін шам бар? Кімнің

үйінде ауа салқындатқыш бар?

Қандай жерлерде аяқ дыбысының

әрекетінен өзі ашылатын есіктер

бар?

— Бұл қазіргі заманның озық

жетістігі деп саналады және

гаджеттер деп аталады.

— Теледидар, газет-журналдар, компьютер.

— Өлемнің алыс-жақын елдерінен жеткізілетін жаңалық, хабарларды тарататын құралдар. Балалар сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салады.

Балалар компьютер туралы білетіндерін айтады.

— Компьютер — монитор

(экран), клавиатура,

процессор, принтер,

дыбыс күшейткіш

колонкаларынан және

«тышқаннан» (қозғалт-

қыш) тұрады.

— Компьютер не үшін қажет?— Компьютер байланыс-
Компьютердің қызметі жайлыақпараттық құралға
не білесіңдер? Оның құрылымыжатады. Компьютермен
қандай?сурет салуға, кино,
Компьютер суретін көрсету.мультфильмдер көруге,
Құрылысы жайлы әңгімелеу.ойындар ойнап, хат
— Компьютердің жалпы қызметіжазуға т.б. көптеген іс-
туралы не айта аласыңдар?әрекеттерді орындауға
— Компьютерді адамның миыменболады.
салыстыруға бола ма? Қалай— Болады.
ойлайсыңдар, компьютердің— Балалар ойланып, же-
«миы» қай жерде орналасқан?текші сұрақтар арқылы компьютердің «миы» процессорда орналасқан
Педагог ноутбук алып шығады.

— Мынау не? Бұны компьютер деп атауға бола ма?

— «Ноутбук» — ағылшын сөзі,

деген шешімге келеді.
— Болады.

Ноутбук —

компьютердің кішірей-
тіліп, өзіңмен бірге алып
ол «қалта кітапшасы» дегендіжүруге ыңғайланған
білдіреді.формасы.
Педагог ноутбукке алдын ала
жазылып, дайындалып қойылған
слайдтарды балаларға көрсетіп,
әңгімелейді.
— Балалар, біз компьютермен
сөйлесе аламыз ба? Ал мына
компьютер сендермен сөйлескісі
келіп тұр.
1-слайд. Баланың суреті шығып,
сөйлесіп тұрғандай іс-әрекет
жасайды.
— Сөлеметсіңдер ме, балалар?Балалар амандасады.
-Мен туралы өлең тыңдағыларың
келе ме?-Иә.
А. Өшірбекқызының
«Компьютер» өлеңін оқу.
Таңданған талай даналарБалалар жетекші
Компьютер деген бала бар.сұрақтар арқылы өлең
Есепті де шешеді,жолдарын талдайды.
Суретті де салады.
Тетігін тапса ол бала
Бар тіліңді алады.
2-слайд. Менің қызметім туралыБалалар компьютер
сендер көп білесіңдер. Менарқылы қандай
арқылы қандай жұмыстаріс-әрекеттердің
орындалатынын мына суреттергеорындалатынын атайды.
қарап айта аласыңдар ма?
а) Зауыт, фабрикалардағы
автоматтандырылған жүйелерБалалар әр слайд
(контейнерлер, кнопкалардыбойынша сұрактарға
басып тұрған адам).жауап береді.
ә) Көшедегі бағдаршамдар.
б) Ұшып бара жатқан зымыран,
оның жұмысын аппаратпен
басқарып отырған адамдар.
в) Су электр стансысындағы
аппараттар.
— Балалар, мына суреттерге
қарап, бүкіл әлемдегі жұмыстар
компьютердің басқаруымен
орындалады деп айтуға бола ма?
3-слайд. Компьютердің алдында— Компьютердің алдында
көзі қызарып, шашы жалбырап,ұзақ уақыт отыруға
түсі бұзылып отырған бала суреті.болмайды.
— Балалар, менің қандай зиянды
жақтарым бар, білесіңдер ме?

Менің сендерге қатаң ескертетін

талабым бар! Ешқашан компьютер алдында 20 — 30 минуттан Артық

отырмаңдар!

Менің зиянды жақтарым:

1. Мен зиянды сәуле шығарамын. Ол зиянды сәуле сендердің денсаулықтарыңның нашарлауына әкеліп соғады.

2. Үнемі тесіліп қарап отырғандықтан, көздеріңнің көру қабілеті төмендейді.

3. Ұзақ уақыт компьютермен әуестену кішкентай балалардың компьютерге тәуелділігіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Сергіту сәті: Мен сендерді таза ауада серуендеп, жаттығу жасауға шақырамын! Компьютерде көңілді әуен ойналып, жаттығу жасауға шақырады. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу.

Балалар әуен ырғағымен сергіту жаттығуларын жасайды.

Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: компьютерге байланысты қауіпсіздік сақтау ережелерін;

түсінеді: байланыс құралдарының жұмыс істеу ерекшеліктері мен маңызын; компьютердің пайдалы, зиянды жақтары туралы мәліметтерді;

қолданады: компьютер туралы бұрынғы алған білімдерін.