Қысқа мерзімді жоспар
| Пән:Жаратылыстану Сынып: 1 | Мектеп: Батыс Қазақстан обл. Орал қаласы, № 46 жалпы орта білім беретін мектебі. | ||||||||||||||||||||||||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : Жунусова Гулмаржан Темиржановна | ||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы: «Уақытты анықтау не үшін қажет?» | Қатысқандар:19 Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||
| Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты | 1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру; 1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру. | ||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Уақыттың маңыздылығы туралы мысалдар келтіреді, уақытты өлшеу құралдарын және уақыт өлшем бірліктерін ажыратады. Көрсетілген экспериментті бақылайды. Көптеген оқушылар: Уақытты өлшеу құралдарының өзіндік белгілері бойынша айырмашылықтарын көрсетеді, уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді. Көрсетілген эксперимент барысын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: Электрондық сағаттың көмегімен уақытты дәл анықтауда көрсетілген эксперимент бойынша қорытынды жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау критерийлері | *Уақыттың маңыздылығының себептерін атайды. *Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді. *Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді. * Уақытты өлшеу құралдарына қатысты өлшем бірліктерін ажыратады. | ||||||||||||||||||||||||||
| Сөздік қор
| Уақыттың не үшін қажет екендігін және сағат түрлерін таныстыруда уақыт- время- time, сағат- часы- clock сөздерін қолданамын. | ||||||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарды дарыту
| Оқушылардың бойында құрмет пен ынтымақтастық арқылы топтық жұмыс жасауда ережелерді сақтайды. Сағаттың көмегімен уақытты дәл анықтауда өмір бойы білім алу құндылығы жинақталады. Уақытты тиімді пайдалануда еңбек пен шығармашылық қабілеті дамиды. | ||||||||||||||||||||||||||
| Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы | «Досыңа бөлінген уақыт» ширату жаттығуын жасағанда топтық ережелерді және «Зерттейік» айдары бойынша бақылау жұмысында гүлдің өсуін, сағаттың көмегімен уақытты анықтау жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. | ||||||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыстар | Математика. «Шамалар. Уақытты бағдарлау» бөлімі бойынша уақытты, сағатты анықтайды. Көркем еңбек «Зерттейік» айдарында топтық шығармашылық жұмыс жасау арқылы түрлі түсті қағаз, тұрмысқа қажетті заттармен жұмыстанады. Орыс тілі мен ағылшын тілі Уақыттың не үшін қажет екендігін және сағат түрлерін таныстыруда уақыт- время- time, сағат- часы- clock сөздерін пайдаланады. | ||||||||||||||||||||||||||
| АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) | Проектор, «Досыңа бөлінген уақыт» слайды, бейне жазбасын көрсету, сағаттың түрлері туралы АКТ көмегімен түсіндіру. | ||||||||||||||||||||||||||
| Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар дұрыс әңгімелеу, түсініктерін еркін жеткізу, бақылау жүргізіп, тәжірибе жасау дағдыларына сүйенеді. | ||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту (Ұ) «Досыңа бөлінген уақыт» Сыныпта оқушыларды дөңгеленіп тұрғызу. Проектордан сағаттың суретін көрсету. Оқушылар ненің суретін көріп тұрсыңдар? Сағат екенін қайдан білдіңдер? Сағат неше бөлікке бөлінген? Енді оқушылар достарымызға көңіл бөліп, сағат тілімен жаттығулар жасайық. Оқушыларды сағат тілімен топтастыру. Оқушылар сағатты қай жерде қолданамыз? Не үшін қажет? Уақыт- время- time, сағат- часы- clock Оқушылардың жауабын тыңдағасын жаңа тақырыппен таныстыру. Оқушылар бүгінгі танысатын сабағымыздың тақырыбы: Уақытты анықтау не үшін қажет? Бүгін Негеш пен Эврика достарымыз қонаққа келген екен сендерге көптеген зерттеу жұмыстарын, қызықты тапсырмаларымен. Олай болса оқулықтағы 60 -беттегі суретке назар аударайық. | Слайд. Сағаттың суреті.
Оқулық 60- бет | |||||||||||||||||||||||||
| Сабақ ортасы 30 мин
10 мин | Мағынаны тану (Ұ.С) Оқулықпен жұмыс. Кітаптағы суретке назар аударту. Негеш пен Эврика саяхатқа шығуға жиналуда. Оқушылардан сұрау: А: Негеш пен Эврика қалай демалмақшы? В: Олар сапарға қандай көлік түрімен барады? Ол қанша уақыт алмақшы? С: Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің Негеш пен Эврика қай жерден қайда барады? ҚБ: Мұғалім бағалауы. «Жарайсың», «Бұл — жақсы жауап», «Сен жетістіктерге жетудесің!» Қорытынды: талқылау жүргізіп, қажетті жерге жету үшін белгілі бір уақыт керек екен, баратын жер неғұрлым алыс болса жету үшін соғұрлым көп уақыт кетеді. (ТС) «Мозайка» әдісі. «Біз бақылаушымыз» Оқушылар Негеш пен Эврика табиғат аясына саяхатқа шыққанда зерттеу жүргізген, ол қандай зерттеу екенін табу үшін мына алдарыңдағы конвертті ашып қараңыздар? Оқушылар алып қарайды. Қиынды суреттерден гүл құрастырып, зерттеу жүргізеді. Негеш пен Эврика нелерге зерттеу жүргізген? Гүлдердің өсуіне қанша уақыт қажет екенін анықтаймыз. Ол үшін біздер бақылаушы ойынын ойнаймыз. А: 1-топ Ыдыста өсіп тұрған тұқым түрін табады.(қияр, асқабақ, гүлдің тұқымы) В: 2-топ Гүліміз жақсы болып өсу үшін қажетті заттарды табады. (топырақ, су, жарық, саз, лай,) С: 3-топ Ыдыстағы гүлдің өсіп шығуына қанша уақыт кететінін анықтайды. (1жыл, 1ай, 1күн, 1минут, 1сағат) ҚБ: Әр топ сағат түрлерімен бір-бірін бағалайды.
Қорытынды: Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды деп қорытынды жасап жинақтаймыз. Ол өткен шақтан болашаққа жылжиды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады. (МК) Әр тарихи кезеңде уақыт пен кеңістік туралы өз танымдары болған. Ертеректе адамдар күндерді, апталарды, айлар мен жылдарды көрінбейтін уақыт өзені ағызып әкетеді деп санаған. Тәуліктің жарық бөлігі аса маңызды саналған, себебі аңға шығу, тамақ табу, отын жинау жұмыстарын адамдар күндіз атқарған. Ал қараңғыда адамдар түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін еді. Таң атқанда барлық тіршілік басталған. Кейіннен жасанды жарық көздері пайда болғанда уақытты арнайы құралдар көмегімен анықтау қажеттігі туды.
Уақыт — бұл қандай да бір әрекеттің, оқиғаның орындалу немесе қандай да бір заттың өмір сүру ұзақтығы. Айналадағы кеңістікте болып жат-қан құбылыстар мен оқиғалардың барлығы уақыт аралығында болып жатыр. Уақыт үнемі қозғалыста болады. Оны тоқтату немес қайтару мүмкін емес. Өміріміздің әр секундында біз уақыт кеңістігінде боламыз. Оған бағытталып түрлі әрекеттер жасаймыз. Алғашқы сағаттар — күнсағаттар, онда уақыт көлеңкенің көмегімен анықталған. Кейін Ежелгі Мысырда сусағаттар (клеп сидрлер) пайда болған. Одан кейін құмсағаттар шықты. Бірнеше жылдардан соң механикалық және электронды сағаттар пайда болған. (Ж.Ж) «Зерттейік» айдарының тапсырмасы. «Тиімді өлшеу» әдісі. Эксперимент жасаймыз. Сөреден мәреге жүгіріп шыққан аралықты сағат түрлерімен анықтайды. 1-топ Құмсағатпен өлшейді 2-топ Механикалық сағатпен өлшейді 3-топ Электрондық сағатпен өлшейді Әр топтан үш оқушы таңдалынып алынады. Жүгіріп өткен оқушының уақытын басқа оқушылар белгілеп, жазып тұрады. Эксперимент аяқталғаннан кейін қай сағат түрімен анықтаған дұрыс екеніне қорытынды жасайды. Ортақ сұрақ: Жүгіріп өткен уақытты құмсағаттың көмегімен анықтауға болама? Неге? ҚБ: Топтық бағалау. «Бағдаршам» (ЖЖ.С) «Ақиқат, шындық» әдісі Тақырып бойынша сұрақтарды мұғалім дайындайды. 1.Уақытты тоқтатып қоюға болады. 2.Уақыттың қанша болғанын сағаттан білеміз. 3.Уақытты кері қайтаруға болады. 4.Уақытты көзбен көруге, қолмен ұстауға болмайды. А: дұрыс жауабын басады. В: жауабын белгілей отырып, дәлелін айтады. С: жауапты белгілей отырып, қорытынды жасайды. Қорытынды: құмсағатта циферблат жоқ болғасын арақашықтықтағы уақытты анықтау қиын болады. Механикалық, электрондық сағаттардың көмегімен дәл анықтау қиын. Ең ыңғайлысы электрондық сағат деген қорытынды жасаймыз. ҚБ: Жұптық бағалау «Отшашу» (ӨЖ.С) Дәптермен жұмыс Кеш — ерте. Оқушыларға суреттерді қарауды тапсырыңыз. Сұрау: “Ағаш бас кезінде қандай болды? Содан кейін қандай болды? Ол бірден үлкен болып өсті ме? Қалай өсті?” Ағаштар қанша жыл тіршілік ететіні туралы мәліметті ұсынуға болады. Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып, нөмірлеп, бояйды. ҚБ: Өзін-өзі бағалау «Смайлик» Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бағалау критерийі: Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді. Уақытты өлшеу құралдарына қатысты өлшем бірліктерін ажыратады. 1-тапсырма Суреттен уақытты өлшеу құралдарын тауып, белгілеңіз. Оларды атаңыз.
Дескриптор: Білім алушы — уақытты өлшеу құралдарын (құмсағат, секундомер, қол сағат, күнтізбе) белгілейді. 2-тапсырма Уақыттың өлшем бірліктерін ең кішісінен бастап өсу ретімен нөмірлеңіз. Олардың қайсысы сағаттың көмегімен анықталады? Қайсысы күнтізбенің көмегімен анықталады? Сызық арқылы қосыңыз. Тәулік Жыл Ай Сағат
Секунд Минут Апта Дескриптор: Білім алушы — уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен нөмірлейді; — сағаттың көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін анықтайды; — күнтізбенің көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін анықтайды. | Оқулық 60- бет
Проектордың слайдынан сағаттың түрлерін көрсету.
| |||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың соңы 5мин | Ой толғаныс. Кері байланыс. «Креативті матрица» әдісі. Оқушылар жеке жұмыстанып, өткен тақырып бойынша ойларын қорытады. «Қай жерде уақытты өлшеу құралын қолдану тиімді?
Өлшеу құралын тиімді қолдану – Өлшеу құралын тиімсіз қолдану – «Аяқталмаған сөйлем» әдісі Уақытты кері қайтаруға …. Уақытымызды …. өткізбейік. Уақыттың анықтығын көбіне ……. пен …….. түрлерін пайдалануымыз керек. Қорытындылау: Бізге бүгін көмектескен Негеш пен Эврика достарымызға рахмет айтып, бір-бірімізге шапалақ ұрайық. |
«Креативті матрица» әдісі сызылған сызбасы беріледі.
| |||||||||||||||||||||||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
| ||||||||||||||||||||||||||
| Оқулықпен жұмыста Негеш пен Эвриканың саяхатқа шығуына байланысты А,В,С сұрақтарға жауап береді. Топтық жұмысы «Мозайка» әдісі арқылы саралау іске асырылады. Жұптық жұмысы «Ақиқат, шындық» әдісінде сұрақтарға жауап бере отырып, саралау жасайды. | ҚБ:1. Мұғалім бағалауы. «Жарайсың», «Бұл — жақсы жауап», «Сен жетістіктерге жетудесің!» ҚБ:2. Әр топ бірін-бірі сағаттың түрлерімен бағалайды. ҚБ:3. Топтық бағалау «Бағдаршам» ҚБ: 4. Жұптық бағалау «Отшашу» ҚБ: 5. Өзін-өзі бағалау «Смайлик» ҚБ: 6. Дескриптор арқылы бағалау.
| ||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| |||||||||||||||||||||||||||
