JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Қазақстан кеше, бүгін

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктеріне  тоқталу. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Жүрісі: І.Ұйымдастыру

ІІ.Негізгі бөлім

Кіріспе

Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

1 – жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Құрметті Ұстаздар, оқушылар тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату — тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі.
1 – жүргізуші:
Қазақстан  Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
2-жүргізуші: Өлең «Тәуелсіздік» Авторы Қалқаман Сарин.

Ижанова Индира

Тәуелсіздік

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Қалқаман Сарин

 

1-жүргізуші: Қазақстаным – атамекенім. Ата – бабамыздың қоныс тепкен жері. Даласы дархан, жері кең – байтақ.

 

2-жүргізуші: Хор Атамекен.

 

1-жүргізуші: Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991 жыл 16 желтоқсан – тарихтағы ұлы күн. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыстасты.

 

2-жүргізуші: Тәуелсіздік қандай қасиетті ұғым. Тәй – тәй басқан шағынан бастап талай – талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте – бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстармен жігіт жасына жетіп отыр.

 

1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына жарыққа шығуы.

6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.

8.2000ж. Мәдениет жылы.

9.2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы.

12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

  1. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
  2. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
  3. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
  4. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

 

Би: Қазақ биі: Оймақ би

 

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан – теңіз, әлі де берері тіпті мол.

2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстаным, мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, Жерім, Отаным, бақ – дәулетім, болашағым, өнер – білім, өркенім.

1-жүргізуші: Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным, парақтағы сенің киеңді түсіндім. Сен менің арым, бағым, барымсың. Халқыма әр күн бейбіт болсын.

 

Сыдиықова Гүлнара:

Туған жерім Қазақстан байтақ елім

Туып өстім тәй бастым қастерледім

Туған жердей жер болмас деген мақал

Еске салар мәңгі сені аяулы елім

 

Қастерлесең табынсаң думан елге

Ардақты да мен деген бол азамат

Елім жерім деген ер жігітке

Тәуелсіз еліңді қыл аманат

 

Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан

Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған

Жетістікке жеткізеді ол қаншама

Алға, алға тәуелсіздік Қазақстан!

 

25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

 

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің

25 жасың құтты болсын нұр елім

25 жылда шықтың талай белеске

Қазақстан жасай берші гүл елім

 

1-жүргізуші: Ән. Сарсенбаева Перизаттың орындауында «Қазақ елі» әні.

Т – білдіреді теңдікті

Ә – әдептілік, елдікті

У – уайымсыз уақытты

Е – егемендік елдікті

Л – лайықты

С – сенімділікті

І – ілтипат пен ізет

З – зиялылық тілек

Д – шақырады достыққа

І – ізгілікті

К – күн болып көктегі

 

Тәуелсіздікке 25 жыл құтты болсын! (хормен)

2-жүргізуші: Осымен «Қазақстан кеше, бүгін» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.

Қорытындылау. Патриоттық ән. «Қазақстаным, кең байтақ жерім!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

8 – сынып

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Мырзатаева Фариза

 

2017 жыл

 

 

Мырзатаева Фариза Орынбасаровна