JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі.

Сабақ: Қазақ тіліМектебі: «Примағынай негізгі мектебі» ММ
Сабақтың тақырыбы:4-бөлім:Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі.

6-бөлімше:  Жалбыз- емдік өсімдік.

Күні, айы:Мұғалімнің аты-жөні:Айкадамова Гульшат Хамитовна
5-сыныпСабаққа қатысқан

оқушылар саны:3

Сабаққа қатыспаған оқушылар

саны:-

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты5.О.5 Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.Ж.1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

Сабақ мақсатыБарлық оқушылар:

Берілген мәтіннің мазмұнын оқып түсінеді,ақпаратты анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Кейбір оқушылар:Мәтін мазмұны бойынша талдаулар жасап, кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құра алады.
Тілдік мақсатОқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінікті жеткізе алады, дұрыс сқрақтар құрастыра алады, жоспар құруда сөйлемдерді дұрыс құрастыра алады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Жалбыз, ақ жалбыз, қара жалбыз, ағза, ерінгілдер тұқымдас,Полиартрит,Валидол, ментол.

Пікірталасуға арналған пайдалы тіркестер: шипалы өсімдік, адам ағзасы, дәрілік шөп, жалбыз ұнтағы, жапырақ, шай, жүз бір ауру.

Талқылауға арналған сұрақтар:  Жалбыз туралы алған мәліметтер қызықты болды ма? Несімен?

Неліктен көбіне адамдар дәрілік шөптермен емделгенді дұрыс деп санайды?

Не себепті  дәрілік шөптердің ішінде жалбыз ең көп сұранысқа ие деп ойлайсыз?                                                                                                                       Күнделікті өмірде қандай өнімдерде жалбыз дәмін кездестіреміз?
Ишара:күлдіргі, ООО,жарайсын,керемет, өте жақсы, геометриялық фигуралар арқылы                    (          -орташа,         — жақсы,        -өте жақсы), шапалақ.
Алдынғы оқу.Үйсіз жануарларды бірге қорғайық.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдеріЖоспарланған жұмысРесурстар
Сабақтың басы (2-5 минут)Ширату жаттығулары:

1.Сабақ басында  ынтымақтастық орта қалыптастыру үшін оқушыларды шеңберге шақырып, оқушының зейінін шоғырландыру үшін «Ассорти» ойынын жүргіземін. Оқушылар алма, банан, апельсин деп айтып шығады, бірдей жемістер топ-топ болып бөлінеді.

2. «Лездеме» әдісі арқылы ой ширату. (Ұжымдық жұмыс)

3. Ой шақыру, визуалды көмек: «Болжау» стратегиясы.Оқушыларға тақырыпқа сай өсімдіктердің суреттері көрсетіледі.

Тақырыпты болжап айтады, мақсат қояды.

«Суреттер: не болды?» ширату жаттығуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қима қағаздар

 

 

 

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы (6-40 минут)«Джигсо» әдісі арқылы  4топқа мәтінді беру.«Танысу үшін оқу және егжей-текжейлі білу, сканерлеу»әдісі арқылы мәтінді оқып шығады. (ТЖ)

1-топ: Жалпы сипаттамасы

Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі — жалбыз. Ол — хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-да 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі — ментол. Ментю парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.

2-топ:  Биологиялық сипаттамасы

Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі.

3-топ:   Жалбыздың қасиеттері

Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады. Жалбыз өсетін жерде шыбын-шіркей болмайды.

4-топ: Жалбыздың пайдасы

Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді бағада сатылады.

Жаттығулар:                                                                

1.Мәтінді оқырдың алдында қандай негізгі ақпарат іздеу керектігін анықтап алу.

Мәтінді егжей-тегжейлі түсіну үшін оқып шығу.

Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Не?

Қандай?

Қайда?

Неліктен?

Қалай?

2.Берілген мәтінге сәйкес кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.(ТЖ)

Жоспар

Кіріспе бөлім ____________________________

Негізгі бөлім ____________________________

Қорытынды бөлім ________________________

 

3.«Сұхбат» әдісі. (ТЖ)

1- Жалбыз туралы алған мәліметтер қызықты болды ма? Несімен?

2- топ-1 Неліктен көбіне адамдар дәрілік шөптермен емделгенді дұрыс деп санайды?

3- топ- 2.  Не себепті  дәрілік шөптердің ішінде жалбыз ең көп сұранысқа ие деп ойлайсыз?

4-топ 3. Күнделікті өмірде қандай өнімдерде жалбыз дәмін кездестіреміз?

4. «SWOT» талдауы  арқылы күшті, әлсіз, мүмкіндіктер, қауіптерді анықтап жазып шығады. (Жұптық жұмыс)

Геометриялық фигуралармен бағалау

 

 

Үлестірме материалдар

kk/news/paidali-kenes/zhalbiz-turli-auruga…

 

http://densaulyk7.delo.ws/emdik-өsimdikter/zhalbyzdyң-tүrleri/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау белгілері

 

 

 

 

 

Флипчарт, маркер.

Бағалау белгілері

Сабақтың соңы

41-45 минут

 «1 минут» әдісі бойынша кері байланыс жасау.(Жеке жұмыс)

Рефлексия:«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»  

     Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.

Ереже шығанағы
Білім теңізі

 

 

Кері байланыс парағы
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

1.«Джигсо» әдісі арқылы «Сканерлеу» әдісімен мәтінді бөліп оқу,

2.Нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

3. «Сұхбат» әдісі ,

4. «SWOT» талдауы

5. «1 минут» әдісі

 

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

ишара, топтық және жұптық жұмысқа геометриялық фигуралар арқылы (          -орташа,         — жақсы,        -өте жақсы)бас бармақ.

Критериялық бағалау 1 баллдық жүйе.

 

КритерийлердескриторларТапсырмаларБалл

1 балл

1.Мәтін мазмұнын түсінеді,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

2. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады

3. Ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, өмірмен байланысты сұрақтарды талқылайды.

 

1.Мәтінмен жұмыс.

а) 1.Мәтінді оқырдың алдында қандай негізгі ақпарат іздеу керектігін анықтайды

ә)Мәтінді егжей-тегжейлі түсініп оқып шығады.

б)Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

2. «SWOT» талдауы  Жалбыздың күшті, әлсіз, мүмкіндік, қауіпті жақтарын анықтап жазады.

3. «Сұхбат» әдісі  Сұраққа жауап беріп, өз ойын білдіре алады.

 

 

1

 

 

 

 

 

 

2

 

2

Барлығы-5

 

 

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).

Медицина, халық емі, жаратылыстану, биология, өзін-өзі тану, АКТ, табиғатты аялау, қорғау, адам мен табиғат байланысы.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Джигсо» әдісі арқылы мәтінді , «Сканерлеу» әдісімен оқу.

2: «SWOT» талдауы

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: «Ромб» жіктелімі

2: «Сұрақтар пирамидасы» әдісі

 

Қысқа мерзімді жоспар мақсатқа сай құру барысында тапсырмаларды әр деңгейге сай ұйымдастыру үшін «Джигсо» және мәтінді егжей-тегжейлі оқу үшін «Сканерлеу» әдісі тиімді деп санадым. Өйткені оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, ақпаратты нақты қабылдау дағдылары жетіледі.  Ал «SWOT» талдауы арқылы маңызды ақпараттарды анықтап жазу дағдылары қалыптасады.