JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі

С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі

Пән: қазақ әдебиеті                   Пән мұғалімі: Темиржанова Меруерт Асетовна                                 Сынып: 7      Сабақ: 7             Күні:
Сабақтың

тақырыбы:

С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сілтеме:Қазақ әдебиеті 7 сыныпқа арналған оқулық, электронды  оқулық, ғаламтордан алынған  мәліметтер.
Жалпы мақсаты:     Оқушыларға С.Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту.  Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.

Оқушыларды  өз бетінше іздену жұмысын жасауға, шығармаға кешенді және аннотациялық талдау жасауға төселдіру. Өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу.

Адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз қадір тұтқан аң – құстарды аялауға, табиғатты сүюге, көршіні қадір тұтуға шақыру.

Оқу нәтижелері:Оқушылар білуге тиіс:

—  әңгімедегі Ораз бейнесін ашады;

Халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат алады.

Дереккөздер:           Мұғалімге арналған нұсқаулық.

1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің  7 сыныбына арналған оқулық  Р. Құтқожина, Қ.Бітібаева, Е.Арын. Алматы: «Атамұра», 2012

2. Оқыту әдістемесі.Р. Құтқожина Алматы «Атамұра», 2012

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекетіУақыты
 

Білу.

 

 

Түсіну.

Қолдану.

Талдау.

1.Сынып ішін ұйымдастыру.  Сыныпта ынтымақтастық ахуал туғызу. Тілек арнау.

2.Топқа бөлу. Қолдарындағы спикерлердің түсіне байланысты топтарға бөлінуді ұйымдастыру.

3. Үй тапсырмасын «Он сұрақ» әдісі  бойынша тексеру

 

Он сұрақ!

Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?

Ø «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не?

Ø Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

Ø «Есіл тасып барады» әнінің тарихын білеміз бе?

 

Кубизм әдісі.

Суреттеңіз: Есіл өлкесінің көрінісін жазушы тілімен берілген пейзаж арқылы суретте.

Салыстырыңыз: «Есіл бойында» әңгімесін

Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен салыстыр.

Қолданыңыз: «Есіл тасып барады» әнінің тарихынан әңгіме құрастырып айт.

Дәлелдеңіз: Мырзатай орындаған әндердің әсерін әңгімеге сүйене отырып әңгімеле.

Қарсы шығыңыз: Әңгіме кейіпкерлерінің «Халық әндерінің сөздері әр пікірден құралған қойыртпақ» деген пікіріне мен…

Зерттеңіз: «Есіл» өзенінің географиялық орнын зерттеңіз.

 

Қазақ сахнасының саңлақтарына айналған «Музарт» триосының «Есіл ағады» әнін тыңдайық.

 

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз»  («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)

Жаңа сабақтың жоспары:

Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.

Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі

Ораздың аңшылығы адамгершілігі

Шығармадағы көркемдегіш құралдар.

 

Сөздік жұмыс

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .

Поселке – шағын ауыл.

Шілік – төрт түлік мал  сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.

Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау  тауларының бөктерлерінде мекен етеді

Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ  аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.

 

 

1.Оқушылар тілектер жазылған әр түрлі  стикерлерді алып, сондағы тілектерді бір-біріне үсыну арлықы  ынтымақтастық орта құру.

2.Алған түстеріне байланысты топтарға бөлінеді.

3.«Он сұрақ!» әдісі  бойынша тексеру

 

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі

 

 

 

 

1.      1,2,3,4, ке дейін санау арқылы жаңа топ құрылады. Берілген тапсырмаларды оқып, топта талқылайды.

2.      Жаңа топта өздері оқыған мәліметтерді ортаға салады. «Үй» тобына оралып, барлық жиған мәліметтерін ортаға салады.

 

3.      «Постер» құрастырып, спикер топтың атынан постерді қорғайды.

Формативті:

мұғалім тарапынан түзету,қолдау, мадақтау,жұлдызшамен бағалау.

                  Дәптермен жұмыс: кестені толтырады

Шығарма авторы:

 

  Аты

 

Несімен ұнады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүйікті кейіпкерім

 

 

Жасаған қорытынды (өз ойым)

 

 

 

С.Мұқанов«Саятшы Ораз»Ораздың адамгершілігі. Мұқан үйіне қамқорлығы.Балаларды жақсы көруі.ОразКең-пейіл,мейірімді,қамқор болу.Өзгеге көмектесуге ұмтылу.

 

І топ:  Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға..» өлеңін жатқа айтады. Өлеңдегі құс салу мен әңгімедегі құс салуды салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

ІІ топ:  Ораз бейнесіне лайық мақал айту.

Жігітке жеті өнер де аз,

Адам өнерімен әсем,

Аң жүнімен әсем.

Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өнері көптің ермегі көп.

Өнерлінің өрісі кең,

Өнерлі өрге жүзеді.

Ақылды жігіт атқа да мінер,

Таққа да мінер

 

ІІІ топ: Бес жолды өлең

Зат есім (кім?) – саятшы

Сын есім (қандай?) – әзілқой, жайдары

Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) – құс салды, аң аулады, сауға берді

Синоним – құсбегі

Сөйлем құра – Саятшы Ораз есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.

                         Концептуалды кесте:

Өмірге қызығушылығы өте жоғары

 

кедейшілікке мойымай                           аң аулап күн көрді

Ораз

елге көмектесті                               әрдайым жайдары жүрді

 

Мол олжасын елге сауғаға берді              мейірімді

                                           қайырымы мол адам

1мин

 

 

1мин

 

 

 

5мин

 

 

 

 

 

 

1мин

 

9 мин

 

15 мин

2 мин

Жинақтау.

Бағалау.

Тест

Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

a)     Он жеті

b)    Он сегіз

c)     Он тоғыз

ІІ.  “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

a)     Мұратбек

b)    Мырзатай

c)     Бекберді

ІІІ.“Саятшы Ораз” әңгімесіндегі басты кейіпкер  немен шұғылданады?

a)     Балық аулаумен

b)    Тері илеумен

c)     Құсбегілікпен

ІҮ. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде  айналысады?

a)     Жазы-қысы

b)    Тек  жазда

c)     Тек  қыста

Ү. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?

a)     Сатып пайда қылады

b)    Сауғаға береді

c)     Тұрмысқа пайдаланады.

ҮІ.  Сәбит Мұқановтың  көлемді еңбегін белгіле.

a)     “Өмір мектебі”

b)    “Көксерек”

c)     “Саятшы Ораз”

Тесттің дұрыс жауаптары:

І – с

 ІІ – в

ІІІ – с

ІҮ – а

Ү – в

ҮІ — а

Бағалау реті
«5»«4»«3»
5-6 жауап дұрыс болса4 жауап дұрыс болса3 жауап дұрыс болса

 

 

Стикерлеріне рефлексия жазуды ескерту.

Критерий бойынша дескрипторлар құрып бағалау.

  

 

Стикерлеріне сабақтың рефлексиясын жазып, жапсыру.

1.       Критериалды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

2мин

Үй жұмысы.Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, аңшылық туралы шығарма жазып келіду тапсыруҮй тапсырмасын жазып алу.   Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, аңшылық туралы шығарма жазады1мин