JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабақ жоспарлар сайты 2019-2020ж

Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы

Сабақтың тақырыбы: Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы.
Білімділік: Құстар класының дене құрылысы, тіршілік әрекеті мен сыртқы және ішкі

құрылысы туралы біледі.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ізденуге,пәнге қызығушылығын арттыру,

логикалық ойлау қабілетін, ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, табиғатты аялауға үйрету, экологиялық тәрбие қалыптасады..

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта, слайдтар, стикерлер, маркер, бағалау парағы.Құстың кепкен макеті, суреттер, қаңқа сызбанұсқасы , құс қаңқасы, даяр ылғалды препарат (ішкі құрылысынан), үй құсының қауырсыны

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, талқылау, практикалық жұмыс

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Ынтымақтастық атмосферасын, оқушылармен амандасу, қатысты түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу ,құс суреттері арқылы топқа бөлу, топ басшысын сайлайды (кімнің орындық арқасында стикер бар сол топ басшы болады), бағалау бетшесі таратылады (әр жауап берген оқушыға стикер бетшесі беріліп отырады.)

Үй тапсырмасын тексеру (7-мин):

1-тапсырма: Әр топқа үй жұмысын қайталау үшін таратпа материалдар берілді
1-топ:
1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.
а) зоология
ә) герпетология
б) биология
2. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?
а) 3
ә) 4
б) 2
3. Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?
а) бүйрек
ә) жүрек
б) өкпе
4. Жорғалаушылардың терісі қандай?
а) Тегіс, безді
ә) ірі қабыршақты
б) мүйізді қабыршақты
5. Жорғалаушылар қалай көбейеді?
а) жұмыртқа
ә) уылдырық
б) тірілей
2 – топ: серпіліс сұрақтары
1. Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысы қандай?
2. Жорғалаушылар қалай тыныс алады?
3. Терісінің құрылысы қандай?
4. Ас қорыту мүшелері.
5. Зәр шығаруы қалай жүреді?
6. Қан айналым мүшесі.
7. Қандай отрядтары бар?
3 –топ биологиялық диктанат
1. Жорғалаушылардың терісі……….
2. Терісі үнемі өсу кезінде………..
3. Жүрегі жартылай……….
4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі………
5. Дара жынысты……….ұрықтанады.
6. Жұмыртқа салады және………… туады.

4-топ: Биологиялық диктант:

  1. Жорғалаушылардың қаңқасы …….. бөлімнен тұрады:.. , олардың қаңқасындаалғаш … …. пайда болған. Терісінің сырты …. ….., …., …. қапталған. Жорғалаушылар …. ғана тыныс алады. Өкпесі көптеген кіші …. тұрады. Жорғалаушылпардың сезім мүшелер- ……………, Зәр ….. түзіледі.Түзілген зәр …… ….. … арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтан …… арқылы сыртқа шығады.

Үй тапсырмасын қорытындылап, бағалайды. Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады, бір-бірін бағалайды.
Қызығушылықты ояту (2-мин): Слайдтан құстардың дыбысын тыңдату . Қандай жануар екенін ажырату.

Жаңа сабақ тақырыбын ашу(2-мин):Жауаптар тыңдалады, құстардың даусын ажыратса қандай құс екенін айтып кетеді. Олай болса, сабағымыз құстармен байланысты өтеді. Сабақ мақсатымен танысайық, назарларыңызды слайдқа аударамыз.(Сабақтың мақсаты анықтады. Оқушылардың базалық білімдерін жаңғырту және құстар туралы білімдерін анықтау мақсатында сұрақтар қойылады, сыныппен диалог жүргізіледі.)
1. Басқа омыртқалы жануарлардың құстардың қандай ерекшеліктері бар?
2. Құстардың қандай түрлерін білесіздер?
3. Құстардың барлығы ұша алады ма?
4. Құстардың жорғалаушыларға ұқсас қандай қасиеттерін білесіздер? Сұрақтарға жауап берді. (Диалог-Зерттеушілік әңгіме .Мұғалімнің сұрақты қайта бағыттап, немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылауға ұмтылуы)

Мағынаны тану (20-мин): Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау беріледі, әр топ берілген, таратпадағы сұрақтарға жауап іздейді, талқылайды. (ЖИГСО страт.)
Сұрақтар:
1. Құстардың сыртқы құрылысы
2. Құстарға тіршілік ортасы

3. Тыныс алуы.
4. Қан айналым жүйесі.

5. Зәр шығаруы.
6. Ас қорыту жүйесі
7.Құстардың қаңқасы

8.Жүйке жүйесі. Бұлшықеті

Сергіту сәті:

Бас миы мен қанмен жабдықтауды жақсарту жаттығулары (құстың тек басты шалт бұру қимыл әрекетін енгізу):

Алақандар тізе үстінде, кеудені керіп, иықты жауырын қалақтарын бір-біріне тигізе , орындық арқалығына тіреле тік отыру.

1-тыныс аала оңға шалт бұрылу.2,3,4- баяу тыныс шығара қалпына келу.5-тыныс ала солға шалт бұрылу, 6,7,8- баяу тыныс шығара қалпына келу. Жаттығу 6-реттен қайталанады.

Ой толғаныс (8-мин):

№9 зертханалық жұмысты орындау. Мұғалім жұмыстың мақсатын түсіндіреді. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының әртүрлі типтері, құстардың қаңқасының құрылысын, ішкі құрылысын білу.

Құрал-жабдықтар:Құстың кепкен макеті, суреттер, қаңқа сызбанұсқасы , құс қаңқасы, даяр ылғалды препарат (ішкі құрылысынан), үй құсының қауырсыны

Топпен жұмыс жасады, зертханалық жұмыс дәптерін толтырады.

Қорытынды (3-мин) .Бекіту сұрақтарын қою. Жұмыс дәптеріндегі сұрақтарға жауап.Ортадағы қаламсап әдісімен алынған қорытындылайды. (Өзара бағалау)
Бағалау(2-мин):Стикер бетшесі саналады. Бағалау парағы мұғалімге тапсырылады.Мұғалімнің қорытынды бағасы айтылып, күнделіктеріне баға қойылады.

Кері рефлекция: «Бас бармақ»

Үй тапсырмасы: Құстар класы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Следи за нами в FaceBook.
Все новые статьи и много уникального!
Спасибо, не показывайте мне эту штуку больше!
Друг, не уходи!
Друг, не уходи!