JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Шамалар

№46 жоббм БҚО Орал қаласы Бастауыш сынып мұғалімі Кадырова Мергуль Маханбетовна

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбыШамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Сабақтың мақсаттарыБарлығы: Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптасады..
Көбі: есептерді өздіктерінен шығара отырып, өздерінің шама шарықтарына көз жеткізеді.

Кейбірі: Логикалық есептер шешу арқылы  ойлау қабілетін шыңдайды.

Жетістік критерийлеріСыныпта шығарылған есептерді дұрыс талдай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, есептің шартын анықтау, түсінгенін есепті дұрыс орындау арқылы көрсету

Құндылықтарды дарытуОқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс ана тілі, дүниетану сабағы
АКТ қолдану дағдыларыДеңгейлік тапсырмалар ,
Тілдік құзыреттілікОқушы,ученик,learner
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстар
Сабақтың басы

5 минут

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Шаттық шебері

 

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

 

Сабақтың ортасы

3 минут

 

 

 

16 минут

 

        8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»:
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2.Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)

Дәптермен жұмыс

Оқулықтағы тапсырма.

«Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
3. 1км-де неше метр бар? 1000м
4.1дм-де неше мм бар? 100мм
5.1 м-де неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг
7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
— км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері
— т, ц, — бұлар салмақ өлшем бірліктері.
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.Оқулықтағы тапсырмаларды  3-топқа бөліп орындау.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

 

 

Оқушымын мен енді! Сөйлеміне сәйкес сызбаны тауып көр.

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 

 

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.