Қысқа мерзімді жоспар
| 5.2 В Сақтар | Мектеп: Махамбет ауылы, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы | ||||||||||||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Алмағанова Саягүл Исағалиқызы | ||||||||||||||
| Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Сақтар туралы тарихи мәліметтер Зерттеу сұрағы: Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?
| ||||||||||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 5.3.1.1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
| ||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін біледі. Сақтар туралы жазған тарихшыларды біледі. | ||||||||||||||
| Оқушылардың басым бөлігі: Сақтардың атауларын ажыратады, дереккөздерге сүйеніп дәлелдейді. | |||||||||||||||
| Кейбір оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін кесін картаға түсіреді, оларды сипаттайды, дереккөздерге сүйеніп, сақтардың айырмашылықтарын ажыратады | |||||||||||||||
| Ойлау деңгейі | Білу, түсіну, қолдану | ||||||||||||||
| Бағалау критерийі | — Сақтардың атауларын есіне сақтайды. — Сақтар туралы деректер қалдырған тұлғаларды атайды; — Сақтар туралы мәлімет беретін дереккөздерге сүйеніп, Қазақстан жерінде өмір сүргендігін, тарихи маңызын дәлелдейді; — Сақтардың орналасуын картадан көрсетеді; | ||||||||||||||
| Тілдік мақсат | Оқылым:- Сақтардың орналасуы, ондағы тарихи деректерлерді оқулық мәтінінен оқи отырып сақтардың әр деректердегі атауларын ажыратады. Тыңдалым: — Сақтар туралы бейнематериалдарды тыңдай отырып, олар туралы келтірілген дерек көздеріне сүйене отырып түсінеді және бір-бірінің пікірлерін тыңдайды. Айтылым:— Оқулық пен бейнероликті деректерлерді немесе карталарды қолдана отырып сақтардың орналасуын ауызша сипаттайды. Жазылым: — Сақтардың орналасқан аумағы бойынша сәйкестендіріп және сақтардың орналауын кескін карталарда көрсету арқылы жазбаша сипаттайды. | ||||||||||||||
| Негізгі сөздер мен тіркестер: Сақтар, тиграхауда, хаумаварга, парадарайа, скиф, массагет, исседон, аргипейлер, ариймаспылар, Плений, Арриан, Помпей Трог, Птолемей, Страбон, Диодор. | |||||||||||||||
| Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга ұғымдары нені білдіреді Сақтардың әр деректерлердегі атауларының мағынасы…. Тарихшылар келтірген деректерден нені байқауға болады | |||||||||||||||
| Талқылауға арналған тақырыптар: Деректерлерге сүйеніп, сақтарға сипаттама бере алады. Сақтардың орналасқан жерлерін картадан көрсету арқылы түсіндіреді. | |||||||||||||||
| Жазу үшін ойға салу: Сақтар туралы зерттеген тарихшылардың деректерлерін сәйкестендіру. Картаға сақтардың орналасуын көрсету. | |||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын қалыптастыру: топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойында бір-біріне құрмет көрсету, ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттерін тәрбиелеу. | ||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | География, Дүниежүзі тарихы | ||||||||||||||
| Алдыңғы оқу | Сақ тайпалары туралы Томирис патшайым, тайпа ұғымдарын біледі | ||||||||||||||
| Жоспар | |||||||||||||||
| Жоспарлан ған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурс тар | |||||||||||||
| Басы 3 мин | «Жүректен –жүрекке» әдісі психологиялық тренинг Оқушылар шеңбер болып тұрып, суреттер бойынша қасындағы оқушысына тілек айту. Топ атаулары; «Тұлғалар есімі» арқылы топқа бөлу. Геродот, Страбон, Полиэн «Миға шабуыл» әдісі. 1. Геродот, Страбон, Полиэн кімдер? 2. Деректер дегенге қалай түсінесіңдер? Т.б сұрақтар Сабак максаты мен критерийлер тусіндіріледі |
Сақтардың суреттері | |||||||||||||
| Ортасы
2 мин
10 мин
10 мин
10 мин
| Зерттеу сұрағы Қандай деректерлер сақтар туралы мәлімет береді? Оқушылар «Сақтар туралы мәліметтер» тақырыбындағы бейне материалды тамашалайды. «Ойлан, бөліс» әдісі 1. Бейнематериалдан не тамашаладыңыздар? 2. Онда кімдер туралы айтылады? Т.б сұрақтар қою
Топпен жұмыс. Бейне материалдағы мәліметтер мен оқулықтағы мәтінді пайдаланып, тапсырмаларды орындаңыздар.
1-тапсырма «Өкіл» әдісі бойынша топтарға ресурстар беру. Әр топтан 1 оқушы келесі топтарға барып түсіндіреді.
1-топ Геродоттың «Тарихынан» үзінді Дескриптор 1) Сақтардың қандай тайпа болғанын ерекшелігін анықтайды 3 ден кем емес 2) Қандай кару жарақ қолданғанын айтады 3 ден кем емес. 3) Қандай металлдарды игергендігін 3 тен кем емес анықтайды. 4) 3 тен кем емес кәсібін атайды. 5) Сақтардың 2 ден кем емес діни рәсімдерін атайды.
2-топ Страбонның «Географиясынан» үзінді Дескриптор 1) Страбон еңбегінде сақтарды қалай атағанын табады. 2) Сақтардың қандай халық болғанын анықтайды. 3) Сақтардың жауынгерлеріне сипаттама береді 4) Шаруашылықта қандай металдарды қолданғанын анықтайды. 5) Кәсіптерін 2 ден кем емес атайды.
3-топ Ежелгі парсы сына жазбаларынан үзінді Дескриптор 1) Ежелгі парсы сына жазбалары кімдердің бұйрығымен жазылғандығын 2 ден кем емес атайды. 2) Сақ тайпалары туралы қандай жазбаларда кездесетінін 3 тен кем емес атайды.
Кері байланыс. «Қол шапалақтау» әдісі арқылы өзара топтық бағалау
2-тапсырма «Галереяға саяхат» әдісі Тапсырманы орындап болғаннан кейін бір топта бір оқушы қалып, басқа топтардың мүшелеріне түсіндіреді. Топтар бір-біріне сағат тілінің бағытымен ауысады. 1-топ Орында! Сақтар туралы мәліметтер қандай жазбаларда кездеседі Сақтар туралы – Грек тарихшысы Геродоттың — Страбонның еңбегінде — Парсының Бехистун жартасында — Накши Рүстемдегі тасқа қашалған жазуларда — Персепольдегі тасқа қашалған жазуларда Дескриптор 1) Сақтар туралы 5 тен кем емес жазба деректерлерді атайды. 2) Дереккөздерден 3 тен кем емес мысал келтіреді.
2-топ Іздеп, тап. Дереккөздерде Сақтарды қалай атады? Парсылар ——- (3ке бөлінеді, Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга) Ирандықтар ——- (сақтар) Гректер ————- (массагеттер, исседондар, дайлар) Геродот және басқа да тарихшылар ——— (Азиялық скифтер) Парсылардың Авеста атты қасиетті кітабында —(жүйрік атты турлар) Көне парсы деректерінде ————(құдіретті ерлер)
Дескриптор 1) Сақ тайпа атауларын 7 ден кем емес атайды. 2) Сақ атауларының қандай дереккөздерде кездесетінін көрсетеді. Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі (Сұрақ қою, көмек көрсету)
3-топ Салыстыр. Венн диаграммасы Геродот пен Страбонның деректерлерін салыстыру
Геродоттың Страбонның Деректері деректері
Ерекшелігі ұқсастығы ерекшелігі
Дескриптор 1. Деректерлерді салыстырады. 2. 5 ден кем емес үқсастығын анықтайды Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісі оқушылардың ойлау деңгейін дамыту үшін, оқушыларға сұрақтар тастау
3-тапсырма Есте сақта! Сәйкестендіру. Жұптық тапсырма (Белсенді оқушы мен қабілеті төмен дәрежедегі оқушыны жұптастыру)
Дескриптор 1) тайпалардың орналасу аймағын 6 дан кем емес анықтайды
Кері байланыс: мадақтау, сұрақ қою, көмек көрсету Оқушылар бірін-бірі бағалайды. |
Бейне матер иал
Ресурстар, оқулық
Флипчарттар
Сәйкес тендіру кестесі
| |||||||||||||
| Соңы 7 мин
3 мин | 4-тапсырма «Ойлан, тап!» жеке тапсырма Кескін картаға сақтардың орналасуы бойынша жазу Кескін карта Дұрысы
Дескриптор 1) Сақ тайпаларының атауларын 8 ден кем емес жазады. 2) Орналасу аймағын анықтайды 3) Картадан сақ тайпаларының орналасуын көрсетеді. Кері байланыс. «Мадақтау»
«Баспалдақ» әдісі арқылы Өзін-өзі бағалау Әр оқушы орындаған тапсырмасының тұсына Стикерге есімін жазып жапсырады.
| карта, слайд.
| |||||||||||||
| Саралау-Сіз қосымша көмек беруді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | |
| · Оқушы қажеттілігіне және ақпаратты қабылдау қасиеттеріне қарай тапсырмалар беремін. Әр тапсырма сайын тиімді кері байланыс орнатам. Сабақта әрбір оқушының қажеттіліктерін ескере отырып, сабақтың бағалау критерийлеріне сай тапсырмалар беріп, саралау жүргіземін. · Миға шабуыл әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлауға көмектесемін. · Жигсо әдісі арқылы оқылым дағдысы шыңдалады. · Венн диаграммасы арқылы деректерді дәлелдей алады. · Кескін картаға түсіру арқылы есіне сақтайды | · Критериалды бағалау бойынша орындалған тапсырманы тексереді · Сабағымды жоспарлау барысында сабақ мақсаттарына қол жеткізуде әрбір тапсырмадан соң кері байланыс жасалып, критериалды бағалау жүйесінде қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруда мынадай бағалау әдістерін қолданамын. · «Қол шапалақтау» әдісі · «Мадақтау» әдісі · «Баспалдақ» әдісі · Қалыптастырушы бағалау барысында ішкі уәжі артып, не білетінін, не білмейтінін анықтайды деп есептеймін. | · Сабақ басында бейнефильм, сақтар туралы суреттері, картада орналасуы интербелсенді тақтадан көрсетіледі · топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойында бір-біріне құрмет көрсету, ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады | |
| Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгізуім керек?
| Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
| Қорытынды бағалау Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
| |||

