Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын
әл- Фараби атындағы арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Бейсебаева Асем Токановна
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. 82 — 84 — жаттығулар І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты: 1. Заттың атын білдіретін сөздерге, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Көктем туралы түсініктерін кеңейту.
2. Жаттығуларды орындай отырып, талдап өз ойын жеткізе білуге үйрету.
3. оқушылардың ойлау қабілетін, байланыстыра сөйлеуін, сауатты жазуын қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырмаларға тиісті қима қағаздар, бағдаршам түстері, топ аттары жазылған қима қағаздар.
Сабақ түрі: аралас
Пән аралық байланыс: математика, дүниетану
Сабақтың әдісі: миға шабуыл, әңгімелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: А, Ә, Б әріптері арқылы 3 топқа бөлініп сабақ өтеміз. Балалар әріптерді алып топқа бөлінеді. Оқушыларға жақсы көңіл күй тілеп, қоңырау өлеңін айтқызу.
Психологиялық дайындық:
Сыңғырлады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға,
Алға қарай бастаймыз
Бүгінгі күн терезеден бізге міне тұр қарап,
Сондай жақсы көңіл күймен басталады бұл сабақ.
Топтық тапсырма берілген кезде топ басшысы өзін — өзі көрсетеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге қандай тапсырма берілді?
Қазақстан Республикасының Әнұраны.
Балалар мынау сиқырлы шаршы. Сиқырлы шаршы аталу себебі неде деп ойлайсыңдар? Қанекей тігінен, көлденеңнен сандардың қосындысын тауып көрейікші
Қосындының мәні бірдей шығады екен.
Әр шаршыдағы сандардың ішіндегі сұрақтарға жауап берейік:
Қ. Р — ның рәміздерін ата?
Қ. Р — ның астанасы қай қала?
Әнұран сөзін жазған кім?
Әнұран әнін жазған кім?
Жуан айтылатын сөздерге байланысты ереже?
Буын дегеніміз не?
Тасымал дегеніміз не?
Жуан дыбыстарды ата?
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
Й, У, Ң дыбыстарына байланысты ережені айт?
3. Жаңа сабақ.
Суретпен жұмыс: Суреттерге сұрақ қоя отырып, жаңа тақырыпқа байланысты ережені шығару.
Сергіту сәті:
4. Оқулықпен жұмыс:
82 — жаттығу, 95 — бет. Ауызша талдау.
5. Дәптермен жұмыс:
Көркем жазу Кк
Бір буынды сөздерді оқушылардың өздерінен сұрап, тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасату.
83 — жаттығу, 95 — бет.
1. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап табыңдар?
2. Әр сөзге сұрақ қойыңдар?
3. Көп нүктенің орнына заттардың атын жазыңдар?
Кім? Не?
Қар мұз еріп,
Су көбейіп.
Сай салаға ағады,
Бүршік шашып.
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? Көктем
Олай болса, көктем деп аталатын тараумен танысамыз. Оқулықтағы суретпен жұмыс.
І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз. Оқушылар тізбек бойынша оқиды.
Топтық жұмыс:
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой, оқы:
А… пан Ә… еш Б… ла
Ал… а Әйн… к Бо… а
А… а Ә… е Бақ…
7. Сабақты қорытындылау:
— Бүгінгі сабағымызды адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
— Жан — жануарларға, заттарға қандай сұрақтар қойылады?
8. Бағалау.
Үйге тапсырма: 84 — жаттығу, 96 — бет. «Жазғытұрым» жаттау.
Тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Мақсаты: Көбейту, бөлу амалдары туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіру. Соның ішінде көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне тоқталу. Амалдардың бір — бірімен байланысын байқату.
Ұйымшылдыққа, белсенділікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Ой — өрісін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.
Көрнекілігі: ноутбук, құстардың суреттері, кеспе қағаздар, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Әдіс — тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, жаттығу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Амандасу, түгендеу
ә) Сабаққа даярлығын қадағалау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Тілейміз көктем шуағын,
Тілейміз жаздың ұзағын.
Тілейміз күздің жемісін
Тілейміз қыстың қарлысын.
— Тілегіміз не туралы болды? — жыл мезгілдері
— Қазір жылдың қай мезгілі? — көктем
— Көктемде қандай ерекшеліктер болады? — қар ериді, күн жылынады, құстар келеді, көк шығады, т. б.
— Ал балалар, бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – қонақтар келіп отыр, сіздердің математикалық білімдеріңізді бақылауға және құстар келіпті тапсырмаларымен.
— Әуелі өткен сабақты еске түсіріп жіберейік.
ІІІ. Ой қозғау. (топпен жұмыс)
а) Топтастыру стратегиясы
ә) Венн диаграмма
көбейту бөлу
ІҮ. Жаңа сабақты хабарлау.
А) Кестемен жұмыс. – Кестеде неше баған бар? — 5 баған
— Неше қатар бар? — 3 қатар
— Барлығы қанша ұяшық бар? 5 ∙ 3 = 15 (ұяшық)
3 ∙ 5 = 15
Ә) Текшелермен жұмыс. – Неше қатар орналасқан? — 4 қатар
— Неше баған? — 5 баған
— Барлығы қанша текше? 4 ∙ 5 = 5 ∙ 4 = 20 (текше)
Ереже: (хормен) Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Ү. Тақырыпты меңгерту.
— Құстардың тапсырмаларын орындайтын кез келді. Әрбір тапсырмаға буын беріліп отырады. Яғни, «Әй, жа — рай — сың!» сөзі шығу керек! (құстарға қысқаша тоқталу)
«Әй,» — Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу – айрықша таза, кербез, сұңқылдаған сұлу үнді құс.
№2. (топпен жұмыс)
«жа -» — Тоқылдақтың тұмсығы өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, құртарды теріп жейді. Ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды.
№4. (тақтамен жұмыс, әрбір топтан бір оқушы шығады) Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру, кері есеп құрастыру.
Сергіту сәті
«Картоп өсіру, жинау»
«- рай -» — Бүркіт – көк күмбезінде қалықтап ұшқан қыран құс.
Бүркіттің тұмсығы өте мықты. Ол өзінің тұмсығымен ұстаған аң — құстардың етін жұлып жейді.
№5. Тексеру керек – 32 және 27 дәптер
Тексеретін қалды – 30 дәптер
Тексеріп қойды -? дәптер
Ш: (32 + 27) – 30 = 59 – 30 = 29
(32 – 30) + 27 = 29
32 — (30 – 27) = 29 Жауабы: 29 дәптер тексеріп қойды.
«- сың!» — Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.
№6. (Геометриялық фигуралармен жұмыс) Төртбұрыштардың периметрін есептеу.
ҮІ. Бекіту.
— Құстар туралы халық болжамдарын білгілеріңіз келе ме? Олай болса мына берілген тапсырмаларды орындап тастайық.
а) «Кім шапшаң?» №3 (жеке жұмыс)
ә) Сәйкестендіру тесті (топтық жұмыс)
ҮІІ. Қорытынды.
А) Үйге тапсырма. №7 186 — бет
Ә) Бағалау.
