JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары арқылы бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке  тәрбиелеу мәселелері

ТАҚЫРЫБЫ: «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары арқылы бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке  тәрбиелеу мәселелері»

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі, басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Ол:

  1. Әлемдік дамыған 30 елдердің қатарына кіру үшін бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыру.
  2. Өскелең ұрпақтың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтары, (мемлекеттік тіл, мемлекет тарихын білуге негізделген этномәдени және азаматтық бірегейлікті) қалыптастыру бойынша әдістер және инновациялық технологиялар.
  3. Тиімді механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеруде, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру бойынша қазақстандық патриотизм идеясында тәрбиенің ұлттық жүйесін байытуда шетелдік тәжірибелерді қолдану.

Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бұл – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы.

Біздің рухани құндылықтарымыз бен ұмтылыстарымыздың негізгі форматын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі тиіс. Онда экономика мен саясаттың, мораль мен діннің мәселелері, Қазақстанның жаһандық әлемдегі орны жөніндегі көзқарастарымыз бір арнаға тоғыстырылған. Патриоттық акті біріншіден, халқымыз қалыптастырған және өз жан-жүйесінен өткерген басты жалпыұлттық құндылықтар, екіншіден, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың Қазақстанның тағдыры мен оны дамыту, өркендету жолындағы өзара жауапкершілігінің өзегі. Біз жаңа белестерге қарай ілгері басқан қадамымыздың дұрыстығын компаспен тексергендей, Патриоттық акт арқылы анықтайтын боламыз» — деді.

Құжатта Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған.

  1. Тәуелсіздік және Астана
  2. Жалпыұлттық бірлік
  3. Бейбітшілік пен келісім
  4. Зайырлы мемлекет және жоғары руханият
  5. Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім
  6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
  7. Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған болатын. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы ретінде жалпыұлттық құндылықтар мен тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық жол, қазақ халқының мыңжылдықтардағы тарихи тәжірибесін жүзеге асыру идеясын алға шығарды.

Белгіленген құндылықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриотттық актісін түсіндіру бойынша жұмыстарды қамтиды.

Базалық құндылықтар негізінде тұлғаға тәрбие мен білім беру міндеттерін шешуде әлемдік және қазақстандық оңтайлы тәжірибелерге сүйенбеу мүмкін емес.

Әдістемелік құралдың мақсаты – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің идеясын зерделеу және түсінуде білім беру қызметкерлерін таныстыру.

Жұмыста «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті тұғыры сипатталған, білім беру ұйымдарындағы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі негізінде білім беру процесін ұйымдастыру, Ресей, Беларуссия, Өзбекстан, Тәжікстан, АҚШ, Швейцария, Индия, Жапония сияқты елдердің мысалында қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі қарастырылған.

Осы мақсатта мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйымдастырушыларға көмек ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хат» әзірлеп, оған «Мәңгілік Ел»  Патриоттық Актісі» тарауын енгізді.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы» тарауы қосылған Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері әзірленіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы  22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген

Отансүйгіштікке тәрбиелеу  тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы қамтылады:

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие
  4. Отбасы тәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Өткен оқу жылында, 2017-2018 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі аясында «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында білім күнін өткізуге әдістемелік нұсқау хатта ұсынымдар берілген.

Әдістемелік нұсқау хатта ұсынылғандай Қазіргі таңда Қазақстанның мектептік білім беруі жаңа бастау алу сатысында. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту  мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму Ұйымы елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.

76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам. Білім беру жүйесінде — жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу болып табылады

Нақты процесте қарастырылатын тәрбие жұмысының түрі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың қызметін шығармашылық және жеке ұйымдастыру тәсілдері. Білім беру ұйымдарының жағдайында бұқаралық (тақырыптық кештер, спорттық жарыстар, аймақты жақсарту жөніндегі іс-шаралар), топтық (секциялар, үйірмелер, студиялар, клубтар), жеке (сұхбаттар, кеңестер, жеке тапсырмалар) жұмыстар қолданылады. Бұқаралық және топтық іс-шараларды дайындау және өткізу әдістемесі әдістемелік мәдениет деңгейімен және іс-шараны ұйымдастырушылардың қызығушылығымен анықталатын жеке сипатқа ие.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде білім беру ұйымдарында көпмәдениеттілік ортаны құру:

бастауыш мектепте:

  • білім алушылардың ой-өрісін кеңейту;
  • мәдениет сабақтастығы өзара байланысты көру қабілетінің өнімділігі, әртүрлі халықтардың тарихи, ғылыми, мәдени дамуындағы ортақтығы мен айырмашылықтарын анықтау; этномәдениеттің өзіндік құндылықтарын түсіну;
  • жеке тұлғаны бейбітшілік рухында түрлі этноәлеумет өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу;

Тәрбиелік жұмыстар деңгейінде:

  • сынып сағаттары, сыныптың тәрбие істері, білім алушыларды тестілеу, үйірмелерге, клубтарға, секцияларға қатысуы арқылы азаматтық жауапкершілігін, құқықтық дербестігін, руханиятын қалыптастыру.

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары арқылы бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке  тәрбиелеу  мақсатында сабақ аясында мына жұмыс түрлерін өткізу ұсынылады:

1-4- сыныптарда – саяхат- сабақ, викторина- сабақ, жарыс- сабақ, ойын-сабақ, әңгіме, көрме, сурет конкурсы, фотоколлаж, қолдан жасалған бұйымдар, музыкалық ісшаралар, фестиваль, ұжымдық шығармашылық жұмыс, бейнетурлар ( фильмдер, слайдтар, композициялар көру);

Сонымен қатар:

  • сабақты заманауи интерактивтік оқыту формаларын қолданып өткізу;
  • психолологиялық-жас ерекшелігін, жекебас ерекшелігін, білім алушылардың дайындық деңгейін ескеру;
  • ән тыңдауды, патриоттық тақырыптағы бейнефильмдерді көруді ұйымдастыру;
  • Қазақстан тарихының, қазақ әдебиетінің материалдарын, , кинематография, публицистиканың, веб-сайт strategy2050.kz «Қазақстан 2050» терминологиялық анықтамалық материалдарын пайдалану және т.б.;
  • білім беру ұйымдарында қоғамдағы этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, басқару органдары өкілдерінің, ҚР Парламент және маслихат депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқы мектеп Ассамблеясының, соғыс және тыл ардагерлерінің, патриоттар форумының қатысушыларының, «Жас Отан» жастар қанаты және т.б. кездесу ұйымдастыру, «дөңгелек үстел», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;
  • этномәдени бірлестіктерге, мұражайларға, мемориалдарға және т.б. қатысу ұсынылады.

Өскелең ұрпақты іргелі мемлекет құраушы «Мәңгілік Ел» құндылықтарында тәрбиелеу, қазақстандық халықтардың тарихы, мәдениеті, дәстүрінің біртұтастығының мәнін түсінетін, Қазақстанның отансүйгіш-азаматы тұлғасын қалыптастыру мақсатында Білім күніне арналған «Қазақстан – біртұтас ұлт»  Республикалық сабағын өткізу ұсынылады

Жалпы білім беретін, мамандандырылған, арнайы мектептерде тақырыптық сабақ өткізу бойынша ұсыныстар берілген

 

Сабақтың тақырыбы: «Мен — патриотпын».

Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН.

I-блок. Уәждемелік

Білім алушылар өз бетінше синквейн (Синквейн (фран. Cinquains, ағыл. Cinquain) — Жапондық поэзия әсерінен ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарында пайда болған бес жолдық өлең нысаны. Кейінірек (соңғы кездерде және 1972 жылдардан бастап, Ресейде) дидактикалық мақсататрда, тиімді әрі әсерлі сөз дамыту мақсаттарында қолданысқа енді. Кейбір әдіскерлердің ойынша «синквейн» оқушыларға күрделі ақпаратты синтиздеуде, олардың тұжырым жасау және (лексикалық ққабілеттерін бағалауда тез шешімін табуға «синквейн» ыңғайлы деп санаған), сөздік қорын дамытуына тиімді, пайдалы деп танылған  әдіс)құрайды, шамамен мынадай мазмұндағы:

Патриот

Аса өнегелі, жауапты

Еңбектенеді, жасайды, күреседі,

Өз Отанын сүйеді,

Азамат.

ІІ-блок. Практикаға бағдарланған

Осы сыныптар концентрі білім алушылары үшін белсенді әуестік, эмоционалды әсершілдік тән, осыдан Білім сабағын өткізудің келесі түрлері арқылы патриотизм құндылықтарын бағдарлану ұсынылады:

ᴥ Өзінің туған қаласы, ауылына арналған «Менің қалам (менің ауылым) кеше-бүгін-болашақта» атты суреттердің көрме конкурсы,  қорғалынуы керек;

ᴥҰжымдық шығармашылық іс: «Менің қаламның, ауылымның тарихын жазамыз» ( «Қала, ауыл тарихы» (таныс оқиғалар, қызықты адамдар, мақтануға тұрарлық «кіші Отан» патриоттары ұжымдық КІТАБын шығару) және басқа да ұжымдық шығармашылық істер;

ᴥ «Менің жерлестерім және олардың  біздің қала, ауыл  үшін   еңбектері»,  «Қала, ауылды түрлендіруге менің отбасымның үлесі» (әркім  өз суреттерін қорғайды) фото-көрмесі

ᴥ «Мен — қала құрлысшысымын» рөлдік ойыны («Лего» конструкторынан қала, ауылдың жаңа бөлігінің  макетін жасау) және т.б.

ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:

— патриотизмге өз анықтамасын бере;

— тарихи оқиғаларды атау және патриотизмге  байланысты кіші Отанының тарихымен байланысты тұлғалармен мысалдар келтіре;

— патриотизм мен оның көріністеріне өз ұстанымын ұстана алады.

Зерттеу әдістері: «Ойлану». «Басқа адамнан сұрау». «Қадағалау (Фото, сурет)», «Ақпаратты кітаптардан, газет-журналдардан алу», ата-аналармен бірлесіп бейнефильмдер түсіру.

Жыл сайын 1-қыркүйекте өткізілетін Білім күні балаларды және оқушы жастарды өз Отанының игілігіне шексіз сүйіспеншілігі аясында құрылатын жоғары патриотизмге үйретуі қажет. Жас ұрпақта өз Отанына, өз халқына деген махаббат басқа халыққа шексіз құрмет көрсету сезімімен жалғасуы қажет. Қазақ мәдениеті мен мемлекеттілігі тарихында айрықша орын алатын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еңбектері мен сөйлеген сөздеріне ерекше мән берілуі тиіс.

Білім күніне арналған «Мен өз Отанымның патриотымын» Республикалық біыңғай білім беру сабағында келесілерді атап көрсету маңызды:

  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы және оның құндылықтары, алдағы табысты даму үшін қазақстандық қоғамды нығайтудың өзегі болып табылады;
  • үштілділік, Қазақстанның табысқа жетуіне және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне мүмкіндік беретін ашық және толеранттық қоғам;
  • біздің ұлттық бірлігіміз, Қазақстанмен және оның болашағымен этникалық шығу тегіне тәуелсіз, өз арақатысының жоғары деңгейінде негізденеді;

— рухани бастама – бұл ұлтты біртұтастыққа топтастыратын күш, оның басымдықтары: дәстүр мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіс рухы болуы тиіс;

– өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне мемлекеттің патриоттық саясатының жалпы күші, білім беру жүйесі, тәрбие, мәдениет, БАҚ, этномәдени бірлестіктер бағытталуы қажет;

Сабақта «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам– Ұлт Жоспары» контекстінде ел бойынша жүргізілген әлеуметтік жаңғыру және жаңа индустриалды-инновациялық экономика мен аймақтарды дамыту бойынша материалдарды қолданған жөн.

Қазақстандық отансүйгіштікке патриотизмге тәрбиелеу халықтың мәдениеті мен руханиятын сақтаудың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Заманауи мектеп «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жаңа құжатында бекітілген базалық құндылықтарды, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын терең ұғыну үшін барлық жағдай жасауы керек.

Мектебімізде Отансүйгіштік, Патриоттық  және  көшбасшылықты  дамыту  мақсатында төмендегідей бағытта жұмыстар жүргізіледі:

  1. Интеллектуалдық ойындар
  2. Мектеп ішілік сайыстар
  3. Өзін-өзі басқару ұйымы  «Жас қыран» ұйымы 1-4 сыныптар
  4. Қосымша білім беру мекемелерімен байланыс
  5. Оқушыларды іс-шалараға , қоғамдық жұмыстарға қатыстыру
  6. Үйірмелер, клубтармен байланыс
  7. Саптық жиындар
  8. Кездесулер, кештер

 

Қорыта келгенде, сөзімнің соңын 2014 жылы 17 қаңтар күнгі Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында: «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!-деген сөзімен аяқтағым келеді.

 

 

 

Курманбекова Баян Жунискановна ,

М.Аубакиров атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі