Қысқа мерзімді жоспар
| Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. | Мектеп:Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп | ||||||||||||||||||||||||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жунисова Нурзила Муратовна | ||||||||||||||||||||||||||
| Сынып: 7 | Сабақтағы оқушылар саны: | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||||||||||||||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 7.2.2.13-тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру, | ||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Тығыздық шамасының анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі; | ||||||||||||||||||||||||||
| Оқушылардың басым бөлігі: Заттың тығыздығы шамасының физикалық мағынасын түсінеді, формуласын түрлендіре алады; | |||||||||||||||||||||||||||
| Кейбір оқушылар: Заттың тығыздықтарын ажырата алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады;
| |||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау критерийі: | Дене тығыздығына сипаттама бере алады;
| ||||||||||||||||||||||||||
| Дененің масасы мен көлемін табу арқылы заттың тығыздығын таба біледі.;
| |||||||||||||||||||||||||||
| Тілдік мақсат: | Арнайы пәндік лексика және терминология: Заттың тығыздығы ережесін, формуласын тұжырымдап қолдана біледі. Негізгі сөздер мен тіркестер: көлем,тығыздық, масса
| ||||||||||||||||||||||||||
| Оқылым: | Оқулықтағы мәтінмен, тығыздықтар кестесімен жұмыс жасайды | ||||||||||||||||||||||||||
| Тыңдалым: | ЭО арқылы мағлұмат алады. | ||||||||||||||||||||||||||
| Айтылым: | Топта талқылап, өзара ой бөліседі,анықтамаларды айта алады; | ||||||||||||||||||||||||||
| Жазылым: | Арнайы тілдік терминология , формулаларды , шығарылған есептерді жазады. | ||||||||||||||||||||||||||
| Алдыңғы оқу: | Денелердің көлемін табуды, массаны табу мен өлшеуді , өлшем бірліктері, ауыр, жеңіл денелер болатындығын біледі. | ||||||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу: | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы: Құрмет,ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік. | ||||||||||||||||||||||||||
| Пән аралық байланыс: | Жаратылыстану, математика | ||||||||||||||||||||||||||
| Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз | Бағалау, кері байланыс | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
| Басы
2 минут | 1.Ұйымдастыру. (Оқушылармен амандасу, түгендеу, психологиялық ахуал орнату😉 2. Топқа бөлу.Түрлі түсті парақшаларға жазылған m,V,ρ белгілеулері бойынша топтарға бөлу. (масса,көлем,тығыздық)
|
|
m,V,ρ белгілері жазылған түсті парақшалар | ||||||||||||||||||||||||
| Білу
3 минут | «Әрқашан күн сөнбесін!» жаттығуы ( I ) Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінген.Әр бұлтта тапсырмалар берілген.Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады. «Масса» тобына: 1.Масса дегеніміз не? 2. Массаның бірлігі ретінде не қабылданған? 3. Дененің массасын қандай құралмен өлшейді? «Көлем» тобына: 1. Дененің көлемін қалай табамыз? 2. Көлемнің өлшем бірлігі қандай? 3. Пішіні әртүрлі дененің көлемін қандай құралмен өлшейді? «Тығыздық» тобына: 1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не? 2. Барлық денелерге тән қандай қасиеттерді білесіңдер? (пішіні,көлемі,ауданы,массасы) 2.Әртүрлі денелердің массасы қандай шамаларға байланысты? өлшеміне,қандай заттан жасалғанына (тегіне)
|
ҚБ. «жарайсың», «Өте жақсы», «керемет» | Күннің , сұрақтар жазылған бұлттың суреттері | ||||||||||||||||||||||||
| Түсіну
5 минут
| «Ой қозғау» әдісі (W+G) Проблемалық сұрақтар: 1. 1 кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр ма? 2. Неліктен жанып жатқан майды немесе мұнайды сумен сөндіруге болмайды? 3. Керосинге тастаған мрамор бөлігі батып кетеді, ал сондай сынап оның бетінде неге қалқиды? ЭО оқулықты көрсету. | ҚБ. «Қол сигналдары» |
ЭО-7 | ||||||||||||||||||||||||
| 4 минут | «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі (I) (Оқушылар осы сұрақтардың жауаптарын бір сөйлеммен түйіндейді)
|
ҚБ. «Бір ауыз сөз» |
Стикерлер, білдім, үйрендім, есте сақтадым, ұмтылдым, есте сақтадым. | ||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың ортасы 7 минут | « ЖИГСО» әдісі (I) (топпен бірлесіп оқулықпен жұмыс жасайды) 1. «Масса» тобы: Заттың тығыздығының анықтамасы. 2. «Көлем» тобы: Заттың тығыздығын есептеу формуласы. 3. «Тығыздық» тобы:Заттың тығыздығының өлшем бірлігі.
| ҚБ. Үлкен, кіші смайликтер |
стикерлер , тапсырма парақшалары | ||||||||||||||||||||||||
| 3 минут | Жұптық жұмыс: «Анықтамалық кесте» (Көршіңмен бөліс)
| ҚБ. Қол шапалақтау. | Анықтамалық кесте
| ||||||||||||||||||||||||
| Қолдану 16 минут | «Саралап оқыту» әдісі (G+I) А тобы: 1.Алтынның тығыздығы 19300 кг/ м3 деген сөйлем нені білдіреді? 2. Көлемі 15 см3, массасы 117 г машина бөлшегі қандай заттан жасалған?
Б тобы: 1.Машинаға арналған болат детальдің массасы 780 г. Оның көлемін анықта. 2. Сыйымдылығы 0,5 м3 баллонда спирт бар. Егер спирттің тығыздығы 800 кг/м3 болса,онда массасы неге тең?
С тобы: 1.Шыныдан жасалған бұйымның көлемі 0,6 дм3. Шынының тығыздығы 2500 кг/м3 болса, массасы неге тең? 2.Ареометрдің көмегімен ыдыстырдағы сұйықтардың тығыздығын анықтап, қандай сұйық екенін тап.
|
Есептер жазылған парақшалар
Лаборатор-лық ареометр, ыдысқа қөйылған су, керосин.
| |||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың соңы Талдау 3 минут | Жеке жұмыс: (I) Жалғасын тап…. 1. Заттың тығыздығы дегеніміз- 2. Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады: ρ= 3. Мына шамалардың өлшем бірліктерін жаз: [m]=______ [V]=______ [ρ]=_______ 4.Көлемі 1 л өсімдік майының массасы 920 г. Майдың тығыздығын тап. 5. Ыдысқа толтыра су құйылған. Қандай жағдайда ыдыстар су көбірек төгіледі: ыдысқа массасы 1 кг қалайыны батырғанда ма, әлде қорғасынды батырғада ма?
|
ҚБ. «Қол сигналдары әдістері» |
Жеке жұмыс парақшалары
| ||||||||||||||||||||||||
| Кері байланыс
Жинақтау
2 минут | «Бес саусақ» әдісі ( I ) Бас бармақ — Басты тақырып. Мәселе қандай болды? Балалы үйрек — Бірігу. Біз топта қандай жұмыс жасадық, кімге көмектестім, кімге риза болдым? Ортан терек — Ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек — Шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкене бөбек — Көңіл-күй. Сабақта өзімді қалай сезіндім? | «Бес саусақ» макеті. | |||||||||||||||||||||||||
| Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||||||
| Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы). Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||||||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?Барлық оөушылар оқу маөсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? | |||||||||||||||||||||||||||

