JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Жиын дегеніміз не ?

Жиын дегеніміз не ?

Пән: Математика                                 Мектеп: № 14 мектеп                Сынып: 1 «Ә»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4В Жиын және логика элементтері    Мұғалім: Исмурзина Р.С          Күні:28.07.17 ж

Қатысқандар саны: 29                       Қатыспағандар саны:

 

Сабақтың тақырыбы:Жиын дегеніміз не ?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:1.4.1.3 заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстыру; тең жиындарды, бос жиынды анықтау

1.4.1.1 екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу

Сабақ мақсаттары:Барлығы: Жиындарды элементтерінің белгілері бойынша құрып, жіктей алады;

Көбі: Заттар жиындарын жұптастыра алады;

Кейбірі: екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндейді.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі:Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері:·         Заттар жиынын жұп құрастыра отырып салыстырады;

·         Тең және бос жиындарды анықтайды;

·         Екі жиынды біріктіруде және жиыннан бөлігін айырып алуда элементтерін нақты көрсетеді.

Тілдік мақсаттар:Жиын, элемент, ортақ белгі
Құндылықтарды дарыту:Құрмет, өмір бойы білім алу, еңбек пен шығармашылық
Пәнаралық байланыстар:Дүниетану, өзін – өзі тану
АКТ пайдалану дағдылары:Презентация, аудиоматериал
Бастапқы білім:Сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу, дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақта жоспарланған іс әрекетРесурстар
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Ø  Амандасу

Ø  Оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал

(Ұ) Көңілді шеңбер

Ғалымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл- ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән –математика атанғансың!

 

Ø  «Молекула» ойын әдісі арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.

 «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».

 

Ø  Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, — дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.

 

(Т) № 1  тапсырма «Сәйкестендір» әдісі: Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Суреттерге қара. Қандай ортақ қасиеттерді байқадың? Ұқсас суреттерді топтастыр

 

Жемістер:         Фигуралар:        Сандар:

 

4
6
11
8

 

 

 

 

Түсіндіру әдісі арқылы жиын тақырыбын түсіндіру. Жиын –ортақ белгісі бар заттар жиынтығы. Жиынды құрайтын заттар элементтер деп аталады.

 

Бағалау: Смайликтер

 

(ЖЖ) № 2 тапсырма «Сиқырлы үйшік» әдісі.Үйге  қоныстандыр. Элементтер санын анықта. Жиындарды үй қабатына орналастыр. Жиынның атауы мен үйдің қажетті қабатын сызықпен қос.

 

 

Саусақтар

Жаз айлары

1                                                            Мысықтың   аяқтары

Иттің құйрығы

2                                                             Апта күндері

Құстың қанаты

3                                                             Күз және қыс айлары

 

4

 

5

 

6

 

7

 

Тапсырмадан қандай ерекшелікті байқадың? Бос жиын дегеніміз-элементтері жоқ жиын.

 

Бағалау : «Бағдаршам»

 

Сергіту сәту.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып, ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

 

(Д) (Ж)№ 3 тапсырма «Салыстыр» әдісі. Жиындарды салыстыр. Олардың арасына «=» немесе «=» таңбасын қой.

 

Жаздық , жаздық бәріміз,

Талып қалды қолымыз.

1,2,3, жинап алдық күш

Дескриптор: Білім алаушы

— Жиындарды салыстыра алады;

-Жиын арасына тиісті таңбаны қоя алады.

 

Бағалау: Өзін-өзі бағалау

 

(Т) №4 тапсырма. «Ойлан, тап!» әдісі  Кестеге бір таңбалы және бір таңбалы емес жұп, тақ сандарды орналастыр. «Кэррол» диаграммасы

 

  Бір таңбалы

 

Т            1

А   5                     3

Қ

7      9

Бір таңбалы емес

 

11

19

13

15       17

 

Ж           8

Ұ

П           6

 

2            4

 

16

18                       10

12

 

20                       14

Бағалау : «Шапалақ»

Рефлексия: Табыс сатысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйшіктер мен қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте мен сандар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау бойынша жалпы сыныпқа диалог арқылы және қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар деңгейіне сай болуды.Бағалау сабақ үдерісі кезінде жүргізіледі.Ол үлестірмелі қағаздағы бағалау шкаласы бойынша.Сергіту сәті ұйымдастырылды.

 

QazCrypto.kz - Новости о криптовалютах в Казахстане