Туған тілім
| Сабақ: Туған тілім | Мектеп: Кербұлақ ауылы №7орта мектеп | ||||
| Күні: 21.10.2016ж | Мұғалімнің есімі: Ешмаханова Ж.О. | ||||
| Сынып: 3″Ә»сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Берілген тақырыптың мәнін түсіндіру, өз бетінше тасырмаларды орындату | ||||
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: | ||||
| Қазақ тілінің маңызды рөл ойнайтынын біледі | |||||
| Оқушылардың басым бөлігі: | |||||
| Өзге тілдерге құрметпен қарап,қазақ тілін қастерлеу керектігін біледі. | |||||
| Кейбір оқушылар: | |||||
| Оқушылар үш тілде топта және жұпта өзара диалогқа түсе отырып, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта алады. | |||||
| Тілдік мақсат: | Оқушылар: Топпен жұмыс істей отырып, тапсырмаларды орындай алады. | ||||
| Негізгі сөздер мен тіркестер: | |||||
| Бабам тілі,далам тілі,т.б. | |||||
| Сыныптағы негізгі диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: | |||||
| Талқылауға арналған тармақтар: | |||||
| Бабам тілі дегенді қалай түсінесің? | |||||
| Сіз неліктен ……… екенін айта аласыз ба? | |||||
| Ақынның ойын түсіндіре отырып,өлеңнен қорытынды шығара алады,тілдің ұлт айнасы екенін дәлелдей алады. | |||||
| Жазылым бойынша ұсыныстар: | |||||
| Эссе | |||||
| Алдыңғы оқу: | Мұғалім оқушыдан қандай үміт күтеді? Мұғалімге сен уәде бере аласың ба? | ||||
| Жоспарланған уақыт: | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар: | |||
| Басталуы:
Білу : Түсіну: | 1.»Ынтымақтастық» ( Жақсы мадақтау сөздер айту) 2.Топқа бөлу: Ітоп: Тіл туралы өлеңдер ІІтоп:Тіл туралы нақыл сөздер ІІІтоп: Тіл туралы мақал-мәтелдер Үй тапсырмасы: «Сұхбат» әдісі. 1.Мұғалім оқушыдан үлкен үміт күтеді? 2.Мұғалім жұмысы жеңіл. 3.Мұғалімге сен уәде бере аласың ба? 4.Мен мұғалім болуды армандаймын. -Дұрыс айтасыңдар.Мұғалімнің жұмысы қиын да қызықты.Өйткені еңбегінің жемісін көргенде қиындығын ұмытып та кетеді. Слайд: Бейнефильм»8 жасар Жамбыл» Сұрақ: -Бұл бала жайлы не білеміз? -Өлеңі арқылы не айтқысы келді? Дұрыс.Олай болса Дихан Әбілевтың «Туған тілім»өлеңі. | Оқулық, жұмыс дәптер, АКТ, суреттер, | |||
| Ортасы: Қолдану: Талдау: | Слайд: Д.Әбілев туралы: Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Жетіжылдық бастауыш мектепті бітірген. 1934-1937 жылдары Семей ауылшаруашылық техникумын, Алматыдағы журналистер институтын бітірген. Жас кезінен әрнәрсеге зерек болып, өз бетімен хат тануға талпынған ақын. Дихан Әбілев туған ауылында, Қызылжар, Қарағанды, Алматы қалаларындағы мәдени-ағартушылық мекемелерінде, газет басқармаларында, Жазушылар одағында қызмет атқарды. Жазушының алғашқы өлеңі «Қызыл әскерге» атты 1925 жылы Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде жарияланды. Дихан Әбілевтің көптеген өлеңдері мен мақалалары республикалық газет-журналдарында жарияланып отырды. 1931 жылдары Баянауылда «Ленин туы» газетінде жауапты хатшы қызмет атқарды. «Туған тілім»өлеңін тізбектей оқу. Ітоп: «Автор орындығы»әдісі 1.Өлеңді ақын көңіл күйімен атастыра оқуға дайындал. ІІтоп:»Кір жаю» әдісі 2.Өлеңдегі «бабам тілі»деген сөзді қалай түсіндіресіңдер? ІІІтоп: «Туған тілім»эссе.(домбыра әуенімен) 3.Ақынның ойын жалғастыра отырып,»Туған тілім»тақырыбына эссе жаз. Сергіту сәті: Сұрақ: -Эсседе атап айтқандарыңдай заман талабына сай біз ана тіліміз қазақ тілімен қатар орыс,ағылшын тілдерін бірге меңгеріп келеміз.Осы орайда өзіміздің үш тұғырлы тілді қай дәрежеде білетінімізді дәлелдей аламыз ба? Ітоп: Қазақша ІІтоп: Орысша ІІІтоп: Ағылшынша өлең оқыту. (АКТ, СТО, дарынды және талантты)\әр топ ойласады,ортадан суырылып шығып тақпақтарын айтады.\ | Оқулық, жұмыс дәптер, топтама, АКТ.
| |||
| Аяқталуы: Жинақтау:
Бағалау: | «Кері байланыс» Оқушыларға желкенді қайық суреті таратылады.Егер сабақ ұнаса желкенді жасыл түске,егер қиындық кездессе желкенді сары түске,сабақ түсініксіз болса желкенді қызыл түске бояу. Жұлдызқұрт арқылы өзін-өзі бағалау. (Мұғалімнің бағалауы.)
| «Желкенді қайық»
«Жұлдызқұрт» | |||
| Қосымша ақпарат: · Үш тұғырлы тілге тоқталу. · «Өз тіліңді ұстанба!»сөзінің мағынасын түсіндіру. | |||||
| Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | |
| Оқушыларға жұптық жұмыстар ұйымдастыра отырып, тақырып туралы терең мағлұмат алуын қамтамасыз етемін. | «Бас бармақ»,»От шашу» арқылы бағалау жұмысын ұйымдастырамын. Оқушыларды, тапсырма барысындағы әрекеті толық бағаланады. «Жұлдызқұрт»буыны арқылы өзін өзі бағалау | Әдебиеттік оқу,қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі | |
| Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз
| ||
| Оқушылар туған тіл туралы түсінігін кеңейтті.Сыныпта топпен жұмыс жасауда белсенділік танытты. Берілген уақытты тиімді пайдалана алдым.Өз жоспарыма жаңа әдіс-тәсілдерді енгіздім.Себебі сабақтың оқушылар үшін қызықты болуы мен тақырыпты толық ашуға мүмкіндік беретіндей етіп жоспарладым. | |||
| Қорытынды бағамдау: Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. Топта тақырыпты өз беттерінше талдап, саралай білу. 2.Эссе жазуда белсенділік танытқандығы. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алмады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1.Уақыттың жетіспегендігі 2. Оқушылардың қосымша ақпарат іздеуде кітап қорының аздығы,кейбір отбасында ғаламтордың болмауы. Сабақ барысында мен сынып және жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Оқушыларды топта жұмыс жасауға бағыттау сабақты тиімді өтуіне ықпал ететінін білдім. | |||
Тексерілді:

