Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі.
| Мұғалімнің аты-жөні: Жұмабаева Жаннат | Биология пәні | Х.Санбаев орта мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сыныбы | 8-сынып | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Зертханалық жұмыс №13. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың танымдық мақсаты | Астың ауыз қуысында қорытылуы, тістің құрылысы мен қызметі және сілекейдің бөлінуі туралы түсініктер қалыптастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Күтілетін нәтиже | Оқушыларда астың ауыз қуысында қорытылуы, тістің құрылысы мен қызметі және сілекейдің бөлінуі туралы түсініктер қалыптастасады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ түрі | Жеке және топтық жұмыс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Әдіс-тәсілдер | «Ойлан, тап», «Зерделе», «Ойланып, жауап беріңдер», постер қорғау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Кіріспе | Амандасу, түгендеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру; Тақырыптық ұғымдарға смайликтер арқылы топқа бөлу: ауыз, тіс, сілекей; | Амандасады, кезекші оқушы жауап береді; Смайлектер арқылы 3 топқа бөлінеді; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тұсаукесер | «Ой шақыру» Жұмбақ: 1. 32 қайрақ бірін-бірі шыңдайды (тіс) 2. Қызыл түлкі ықпайды, өз інінен шықпайды (тіл) 3. Дәу үңгірдің қақпасы жабылып, ашылып тұрады, жоқ болса да топсасы. (ауыз) Нақыл сөз Апыл – ғұпыл ішкен ас, Асқазанға түскен тас. | Оқушылар интербелсенді тақтадан ұран мәтінін барлығы бірге оқыды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
| Интербелсенді тақтадан бейнекөрсетілім жіберіледі. Тапсырма-1. Топтық жұмыс. 1-топ «Ауыз» 2-топ «Тіс» 3-топ «Сілекей» Тапсырма-2. 1-топ «Ойлан, тап» кестемен жұмыс
2-топ «Зерделе» сейкестік тесті
3-топ «Ойланып, жауап беріңдер» 1. Асқазанда астың қорытылуы үшін тағамды безендірудің, дастархан жасаудың қандай маңызы бар? 2. Неліктен баланы қорқытып тамақ ішкізуге болмайды? 3. И.П.Павловтың: «Тамақты шын көңілмен, сүйсініп ішу керек», — деген сөзін қалай түсінуге болады? 4. Егер жануардың тіл және ауыз қуысының сілемейлі қабығынан шығатын жүйкелері зақымдалса, сілекей бөліне ме? 5. Неліктен нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм сезіледі?
Сергіту сәті. орындарын тұрып, көзімізді жұмып, аналарымыздың дайындаған түскі асын көз алдарына елестету. Енді көзімізді ашайық. Оқушылар алдына жемістер қойылды. Тапсырма-3. Зертханалық жұмыс №13. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері Керекті құрал-жабдықтар Крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы немесе ыдыс, басына мақта оралған сіріңке. Жұмыс мақсаты Сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу. Жұмыс барысы
Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.
Тақырыптық тест жұмысы 1.Ересек адамныңтісінің саны: А)26 В)28 С)32 Д)35 2.Сілемейлі қабықпен жабылған тамырлары мен жүйкелері көп қозғалмалы бұлшық етті мүше: А)тіс В)тіл С)сілемей Д)ауыз 3.Шартты рефлексті зерттеген ғалым: А)И.И.Мечников С)Х.Досмұхамедов В)И.М.Сеченов Д)И.П.Павлов 4.Сілекей құрамында су мөлшері: А)40-50% В)98-99% С)60-70% Д)20-25%
5.Тістің үшінші бөлімі: А)түбірі В)тіс мойыныС)қаптамасы Д)тіс қуысы 6.Тағам сапасын анықтайды: А) ауыз, без В) сілекей, сөл С) тіл, ерін Д) қарын, бауыр 7.Асқорыту жолының ауруларына себепші: А) жақсылап шайналған С) сілекеймен шылану В) қатты, суық Д) нашар шайналған 8.Үстіңгі жақ сүйектегі түбірі: А) үш В) екі С) бір Д) төрт 9.Қуыс түзіп, тістің қатты ұлпаларын жұмсартады және бүлдіреді: А) кіреуке В) тісжегі С) тіс түбірі Д) парадонтоз 10.Сілекей құрамында көмірсуды ыдырататын фермент: А) лизосим В) муцин С)амилаза Д)пепсин
| Оқушылар пікір алмасады, ортақ шешімге келеді. Ұшқыр қиялдарын пайдаланады. Тақырыптық ұғымдар бойынша әрбір топ өз ұғымдарын бойынша постер қорғайды.
Оқушы үлестірме материалдарды пайдалана отырып, кестемен жұмыс жасайды. Дұрыс жауабын тауып «ия» немесе «жоқ» жауабын белгілейді.
Оқушы үлестірме материалдарды пайдалана отырып, сәйкестік тестін орындайды. Дұрыс жауабын тауып сәйкесінше сызықпен белгілейді.
Оқушыларға сұрақтар салынған конверт беріледі. Осы топтың оқушылары сұрақты топта талқылап жауабын жеке оқушылар жауап береді. Топтағы оқушылар түгел қамтылады.
Оқушылар түскі асты елестете отырып, алдарындағы жемістерден ауыз тиіп, тәжірбиеге қатысты сілекей бөлінді.
Оқушылар дәптерлеріне жұмыс нәтижесін мынадай жоспар бойынша жазады: 1.Тәжірибе мақсаты. 2. Тәжірибе нәтижесі. 3. Тәжірибе барысы. 4.Тәжірибе қорытындысы.
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерін пайдаланады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау Табыс критерийі (1-3 ұпай) Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Сабақ мақсатына жетеді.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Үйге тапсырма: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» тақырыбына эссе жазу Рефлексия: Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің? Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың? Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

