Панорамалық сабақ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: “ Paint – графикалық редактор” Сабақтың эпиграфы: «Егер адам қай бағытқа сапар шегетінін білмесе, жел де оған жолсерік бола алмайды».
Технологиялық карта.
| Үйірме аты | «Жас информатик» үйірмесі | ||
| Сабақтың тақырыбы | Саяхат сабақ. «Paint – графикалық редактор». | ||
| Сабақтың мақсаты | Оқушыларды компьютердің тарихы мен құрылғыларымен таныстырып, негізгі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, алған білімдерін қайталау, бір – бірімен ой алмастыру, шығармашылық толғаныс жасау… | ||
| Сабақтың талаптары | біліктілік | дамытушылық | тәрбиелік |
| Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділер-мен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
| Оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру
| Оқушыларды пәнге деген көзқарасын, қызығушылығын арттырып, тыңдай білу, көре отырып, қоршаған ортаға деген сезімін қалыптастыру. | |
| Сабақтың типі, түрі | Баяндау, көрсету, практикум. Саяхат сабақ | ||
| Сабақтың көрнекілігі | Компьютер, слайдтар, интерактивті тақта, карточкалар, оқулық. | ||
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу; оқушы назарын сабаққа аудару, сынып оқушыларын 2топқа бөлу.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, сабақтың мақсаты, талаптары және орындалу жолдарымен таныстыру.
Негізгі бөлім.
Оқушылардың алған актуальдық тірек білімдерін (өткен сабақта алған білімдерін) Астана қаласына саяхатқа шығу арқылы қайталау.
І. Қызығушылықты ояту
Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға бірінші суреттер көрсетіледі,сұрақтар қойылады. (Интервью және көрнекілік стратегиясы бойынша)
- Петроглифтер дегеніміз не?
(Тасқа салынған суреттер)
- Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген?
(сурет салу арқылы)
- Қандай суреттер салған?
(таңбалар)
- Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?
(қағазға,папирусқа)
- Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін?
(компьютерге)
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз
PAINT графикалық редакторы
Лекция
1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
- PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT
Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.
PAINT терезесімен таныстыру.
Сурет салу кезеңдері
- Құралды таңдап алу
PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
- Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап, бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
Сохранить как командасының терезесі
Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.
PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -.bmp
Мәтіні бар сурет салу
Суреттің үстіне мәтін жазу,қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады
-Надпись(жазу) –мәтін жазуға арналған
Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman» типіне қоямыз. Жазылған мәтінді курсив, жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.
Қаріп (Шрифты) тақтасы
Суреттерді қалай ашады?
Сақталып тұрған суретті ашу үшін «Файл-открыть» командасын орындаукерек. Экранда диалогтық терезе ашылады, оған меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып,екі рет шертеміз.
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады. Үзінді мынадай құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:
Белгілеу(бөліп алу) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.
Кез-келген үзіндіні бөліп алу
Батырмасы ерікті пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.
Белгілеу мен ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін,олармен келесі әрекеттер орындалады:
- Алмасу буферіне қиып алу
- Алмасу буферіне көшіру
- Осы суретті басқа жерге апару
- Берілген суреттің өлшемінде көшіру
- Оны сурет бойынша «көбейту»
- Пішіні мен өлшемін өзгерту
- Өлшемін өзгерту және қисайту
- Төңкеру немесе кері бұру
- Түсін өзгерту
- Өшіру
Үзіндіні жылжыту және көшіру
Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.
«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.
«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.
Үзіндіні көбейту
Үзіндіні көбейту дегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.
Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып,Shift батырмасын басып отырып,үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.
Үзіндіні өшіру
Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.
1.Үзіндіні бөліп алып, «Правка –Очистить выделение» командасы арқылы;
2.Үзіндіні белгілеп алып, «Правка-Вырезать» командасы арқылы;
- «Рисунок-Очистить»командасын орындаса,онда экраннан тек үзінді ғана емес барлық суретті өшіруге болады.
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін рисунок менюінен «Отразить/Повернуть» командасын таңдаймыз. Үзінді тік(вертикаль) немесе көлденең(горизонталь) осьтеріне қатысты 900,1800,2700 бұруға болады.
Отразить/повернуть командасының диалогтық терезесі
Үзіндіні еңкейту және созу
Үзінділерді еңкейту және созу үшін «Растянуть /наклонить» командасы арқылы горизонталь немесе верикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.
ІІ. Астана қаласына саяхат
- 1 аялдама “Темір жол вокзалы”
- 2 аялдама “Бәйтерек”
- 3 аялдама “Ақ орда”
- 4 аялдама “Хан шатыр”
- 5 аялдама “Пирамида”
1-аялдама сұрақтары
Астана “Темір жол вокзалы”
“Кім жылдам?”
І-топ сұрақтары (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан)
- Компьютердің ең басты құрылысы?
- Компьютермен жұмыс кезінде көзді қанша см ұстау керек?
- Тышқанның неше батырмасы бар?
- Компьютер дегеніміз не?
- Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
- Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?
- Компьютерден белгісіз бір иіс немесе дыбыс шықса не істейміз
- Paint графикалық редакторына дайын сурет қоюға бола ма?
- Тышқан компьютердің қандай құрылысы?
- Компьютерге суретті қай құрылғы арқылы енгіземіз?
“Кім жылдам?”
ІІ-топ сұрақтары (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан)
- Ақпаратты көруге арналған құрылғы?
- Компьютер алдына су киіммен отыруға болама?
- Пернетақта неше бөлікке бөлінеді?
- Информатика нені зерттейтін ғылым?
- Paint графикалық редакторы не үшін қажет?
- Компьютердің ең негізгі құрылғыларын ата?
- Компьютер сыныбында жүгіріп ойнауға бола ма?
- Paint графикалық редакторында неше құрал пайдалануға болады
- Пернетақтаның қызметі қандай?
- Компьютерден ақпаратты шығару құрылғысы не деп аталады?
2-аялдама.
Астана “Бәйтерек” аялдамасы
“Сиқырлы ұяшықтар?” кезеңі
Жоғарыдағы 10 — Paint графикалық редакторы қандай қызмет атқарады?
Ортадағы 10 — Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
Төмендегі 10 — Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
Жоғарыдағы 20 – Жүйелік блок қандай қызмет атқарады?
Ортадағы 20 – Монитор қандай қызмет атқарады?
Төмендегі 20 – Тышқан мен перне қандай қызмет атқарады?
Жоғарыдағы 30 — Бөлмедегі әр бұрышта 1 мысықтан және оған қарама-қарсы 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысықтан отыр?
Ортадағы 30 — Қыс айында термометр аяз болғасын -3 градусты көрсетіп тұр. Осындай екі термометр қойса неше градусты көрсетеді?
Төмендегі 30 — Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасыбар. Бірінші не жағамыз?
3-аялдама.
Астана “Ақ Орда” аялдамасы
“Жұбын тап” кезеңі
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын тауып, бағдарша (стрелка) арқылы көрсетіңдер
| Перне | аппарат |
| Қатты | тану |
| Фото | сақтау |
| Ақпарат | тақта |
| Мәліметтерді | блок |
| Файлды | шығару |
| жүйелік | диск |
4-аялдама.
Астана “Хан шатыр” аялдамасы
“Сиқырлы тізбек” кезеңі
Әр топқа ішіне ақпарат өлшемдері жазылып, дөңгелектеніп қиылған 5 дөңгелекше беріледі. Ақпараттың өлшем бірліктерін 10 секунд ішінде өсу ретімен орналастыру керек.
Дұрыс жауабы:
5-аялдама.
Астана “Пирамида” аялдамасы
“Құпия сөздің сырын ашу” кезеңі
Мына адасқан әріптерден сөз құрастырамыз.
Ламқа, Үст, Ретьпюком, Магрампро, Қаншыт, Сорцеспро
Дұрыс жауабы:
Ламқа – Қалам
Үст – Түс
Ретпьюком – Компьютер
Магромпро – Программа
Қаншыт – Тышқан
Сорцеспро — Процессор
ІІІ. Бағалау
- Бүгінгі сабақта маған…………………. қызықты болды.
- Бүгінгі сабақта маған…………………………………..ұнады.
- Бүгінгі сабақта маған …………………………қиын болды.
- Бүгінгі сабақта мен ………………………………..үйрендім.
- Бүгінгі сабақ маған …………………………………көрсетті.
- Болашақта мен ……………………………………………………..
ІҮ. Үйге тапсырма
Ү. Қорытынды
Сабағымызды қорытындылай келе жаңа тақырыпты қабылдай отырып, компьютерде жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындады. Оқушы жаңа білімді мұғалімнің айтқанынан тікелей емес, өзінің еңбегі арқылы алуы қажет. Сондықтан сабақ процесін екі-екіден, топпен жұмыс түрінде ұйымдастырып, оқушылардың өз ойын басқамен бөлісе, пікір таластыра отырып өткізсек, барлық жаңа сабақ оқушылардың ойында ұзақ сақаталады
