Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Е дыбысы мен әрпін арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту. Е дыбысы мен әрпі арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс — әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру. Сабақтың міндеті:
1. Е е дыбысының орнын анықтату, сонымен қатар неше? нешеу? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету
3. Сауатты жазу және оқуға дағдыландыру; есте сақтау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: аралас сабақ, пәнаралық байланыс түрінде комплексті білім беру (Табиғат, өмірмен, математика, тіл дамыту, жапсыру, музыкамен, дене тәрбиесімен). Сабақтың әдісі – тәсілдері: ойын элементтері, көрнекілік,сұрақ – жауап, сөздік. Көрнекі құралдар: ойыншықтар, кеспе әріптер, суреттер, буындар, үлестірмелі материалдар, текшелер т.б. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз.
- Алақай,алақай,
Күн шықты,күн шықты,
Жер үстіне нұр шықты.
Топқа бөлу: 1 – топ Көктем 2 – топ Жаз
Топ ережесін есіңе сақта?
- Сабаққа белсенді қатысу
- Мұғалімді мұқият тыңдау
- Берілген білімді қабылдау
- Тапсырманы тиянақты орындау
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
III. Өткен сабақты еске түсіру
— Ң қандай дыбыс?
— Ол сөздің басында кезедесе ме?
— Топтастыру арқылы ң дыбысы бар сөздерді пысықтау
- Жаңа білімді меңгерту
Мақсаты: Е е дыбысын таныстыру, сөздегі орнын анықтауға үйрету
Ой қозғау:
№30 Дыбыс дегеніміз не?
№20 Әріп дегеніміз не?
№50 Буын дегеніміз не
№40 Сөздерден не құралады?
№10 Сөйлем қалай жазылады?
4 Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру
Жаңа өтілетін әріпті жұмбақ жасыру арқылы таптыру
Жарға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймайды, Болса дағы сақалы Секеңдеуді қоймайды (Ешкі)
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайық тон пішкен,
Секіріп тастан түскен. (Ешкі)
Қалғиған қос құлақты,
Теңбiл түрi көрiктi,
Мекен жерi бұлақты,
Бiлемiсiң… (Елiктi)
— Оқушылар осы жауаптар қандай дыбыстан басталып тұр?
— Ендеше бәріміз Е деп айтып көрейікші
— Е дыбысы қалай айтылады?
— Созылып айтылады
2) Е е дыбысы туралы түсінік беру
Е е дыбысы дауысты дыбыс. Себебі ол созылып, тоқтамай айтылады. Е е дыбысын айтқанда дауысымыз жіңішкеріп естіледі. Е е дыбысы ерін арқылы айтылады. Сондықтан қысаң дауысты дыбыс. Е е дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында айтылады. Мысалы, емен деген сөзде е дыбысы сөздің басында және ортасында естіліп тұр. Немере деген сөзде е дыбысы сөздің ортасында және соңында естіліп тұр.
3) Е е дыбысының жазылуымен таныстыру
Е дыбысының бас әрпі 2 тармақтан тұрады. Бірінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарай салынады. Екінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарап салынады: Е
Кіші әрпі толықтай жолдың ішінде салынады: е
- Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстарды атау.
6.Суретті сөзжұмбақ
- «Баспалдақ» ойыны
- Суреттермен жұмыс
- Жаңылтпашты жаттайық, және ребус шешу.
- Оқулықпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: оқулықтағы сөздерді тұтас, буындап оқуға жаттықтыруды жалғастыру, әңгіме құрастыруға дағдыландыру, неше? Сұрағын қоюға үйрету
1) Оқулықтағы суретпен жұмыс
Бұл суреттерге сөйлем құрау арқылы оқушылар ойын толық жеткізуге дағдыланады. Сөйлемді толықтай құрап үйренеді.
Мысалы: Емен орманда өседі. Емен- үлкен ағаш. Ерді жылқыға мінгенде қолданады. Ол теріден жасалады.
2) Сөздерді оқыту
Оқулықтағы қара түспен ерекшеленіп берілген сөздерді буындап оқыту: Е мен, е ден, не ме ре, не ме не, ел, ер, жел, жер, бел, бес
— Сөздерде Е е дыбысы қай жерде естіліп тұр?
— Сөздің басында, ортасында, соңында келеді.
— Е е дыбысы нешінші буындарда кездеседі?
— Сөздің барлық буындарында
— 1 буында сөздерді таптыру: ел, ер, жел, жер, бел, бес
— Олар неге бір буынды сөздер деп аталады?
— Себебі, бұл сөздерде тек бір ғана дауысты дыбыс бар
11. Сергіту сәті:
12.Дәптермен жұмыс
ауа да жазу тақта да жазу дәптерге жазу Ее әрпін жаздыру
- Ойын «Мен — фотоаппаратпын»
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру
Тақтаға суреттер тобын іліп, оған 1 минуттай оқушылардың назарын аудару
Содан соң суреттерді алып тастап, есте қалған заттардың атын сұрау. Кейбір оқушылар байқамаған, есте сақтамаған сурет атауларын айтқан баланы мадақтау. Мұндай жаттығуларды үйде де жасауға болатынын ескерту
14.Топпен жұмыс Мына сөздерден сөз құрастыру және оқу
- «Ағаш отырғызу» ойыны
- «Сөйлемді жалғастыр» ойыны
- Жаңа сабақты қорытындылау:
- Ой толғаныс
- Кері байланыс
Мақсаты: оқушылардың осы тақырыпта алған өз білімдерін бағалауға үйрету
Оқушылардың алдындағы қызыл және жасыл карточкаларды көтерту арқылы тақырыпты түсінген- түсінбеген оқушыларды белгілеп алу.
Жасыл түс – түсіндім
Қызыл түс – түсінген жоқпын
Мадақтау:

