Алматы қаласы, Алмалы ауданы, КММ «№79 гимназия»
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Керембаева Бакытгуль Неспаевна
| Алматы қаласы, Алмалы ауданы, КММ «№79 гимназия» Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Керембаева Бакытгуль Неспаевна
| ||||||||||||
| Пәні: Қазақ тілі | Сыныбы: 7
| |||||||||||
| Сабақ тақырыбы: | Еңбекпен келген жеңіс | |||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемер) | 7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау. | |||||||||||
| 7.Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну. | ||||||||||||
| 7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру. | ||||||||||||
| Сабақтың мақсаттары: | Барлығы: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтайды. | |||||||||||
| Көбі: Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрайды. | ||||||||||||
| Кейбірі: Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсынады. | ||||||||||||
| Күтілетін нәтижелер: | Сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мағлұмат береді,шағын мәтін құрай алады. | |||||||||||
| Жаңа сөздер: | Спорт шебері, бапкер, кәсіподақ, өлкетану, мұражай. | |||||||||||
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер | |||||||||||
| Оқыту әдістері: | Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ойлан» тәсілі, «Ыстық орындық» тәсілі, ассоциацияграмма құру, «Төрт сөйлем» тәсілі | |||||||||||
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. | |||||||||||
| Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: | ||||||||||||
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім «Көңіл күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. | Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) ( күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап т.б.) салады. | ||||||||||
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. | ||||||||||
| Ортасы І. Қызығушылықты ояту
| Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты слайдты көрсетеді. Суреттерде не бейнеленгендігін сипаттап берулерін сұрайды. | Слайдты қарайды, өз ойларын айтады. | ||||||||||
| ІІ. Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. | ||||||||||
| Ә) Жазылым.Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады. | Жазылым. «Атақты палуан» деген тақырыпта әңгіме жазады. | |||||||||||
| 2. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.
| Сергіту жаттығуын жасайды.
| |||||||||||
| 3. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Мәтінге тақырып қояды, құрмалас сөйлемдерді табады, талдайды. | |||||||||||
| ІІІ.Ой толғаныс | Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады. | ||||||||||
| IV.Бекіту | Ә)»Есте сақта!» айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдатады. | Сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдайды. | ||||||||||
| V.Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша қорытынды ойды өзі айтады. | Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
| ||||||||||
| VI.Үйге тапсырма | Мәтін бойынша 8 сұрақ дайындау | |||||||||||
| VII.Рефлексия | Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі. | ||||||||||
