Нугуманова Замзагуль Тулегеновна
№23 орта мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі
Химиядан Блум таксономиясы бойынша құрылған қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Пәні: химия | Сыныбы: 9 | Сабақ реті: 60 | Күні: | |
| Сабақтың тақырыбы: | Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер Көпатомды спирттер. Глицерин. | |||
| Сілтеме: | Оқулық 9-сынып. Авторлары: Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина Шыққан баcпасы, жылы: 2013 «Мектеп» | |||
| Сабақтың мақсаты: | Оқушылар біратомды қаныққан спирттер тақырыбын қорытындылау. Дамытушылық мәні: Оқушылар ұжымдасып жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай білу біліктілігін дамыту. Тәрбиелік мәні: Салауатты өмір салтын насихаттау, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. | |||
| Сабақтың түрі: | Білімді пысықтау сабағы | |||
| Сабақтың әдісі: | Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: ой шақыру, мағынаны тану, синквейн, ассоциация, дебат, БЛУМ таксономиясының ойлау деңгейлері; АКТ; жинақтау деңгейі бойынша «ойлаудың алты қалпағы»; білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау. | |||
| Сабақтың көрнекілігі мен жабдықталуы: | Оқулық, интербелсенді тақта, лабораториялық құралдар, тұрмыс құралдары, спирттер, кеспеқағаздар, рефлексия парағы, қалпақтар, А3 форматы, маркер т.б. | |||
| Күтілетін нәтижелер: | Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, дарынды оқушыны үлгі етеді, ғылыми тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді. Өз ойларын әдіс-тәсілдерді мұғалімнің қолдануы барысында жүйелі жауап беруге дағдыланады. | |||
| Пәнаралық байланыс: | физика, биология
| |||
| Сабақтың барысы | ||||
| 1.Ұйымдастыру кезеңі. (3 минут) | Оқушылармен амандасу, түгендеу; Оқушылардың зейінін сабаққа аудару; Психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңберін құра отырып, «Мен саған … тілеймін!» тілек айтып болған соң, топқа бөлу. Оқушылар өздері кезекші нұсқауымен «метанол», «этанол», «глицерин» тобы болып, үшке бөлінеді. | |||
| 2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Білу. (10 минут) | «Біз не білеміз? Не білдік?» Үйге берілген тапсырма: «Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер Көпатомды спирттер. Глицерин». Екі тақырыпты бірдей қарастыра отырып, үй тапсырмасын сұрау. | |||
| Тапсырма мазмұны | Тапсырмалар | |||
| 1-тапсырма.
| «Ой шақыру» Сұрақтар қою арқылы білім тексеру. 1.Органикалық химия нені зерттейді? 2.Оттекті органикалық қосылыстар деген не? 3.Спирттер деген не? 4.Спирттер нешеге жіктеледі? 5.Біратомды спирттерге тән жалпы формула. 6.Құрамында –ОН тобының, яғни гидроксид тобын қандай топ деп атауға болады? 7.Спирттерге тән жұрнақ. 8.Метил спиртінің формуласы қандай? 9.Этил спиртінің формуласы 10.Спирттерді алудың қандай жолдары бар? 11.Реакция теңдеулерін жаз. 12.Спирттерге қандай химиялық қасиеттер тән? 13.Реакция теңдеулерін жаз. 14.Көпатомды спирттердің өкілдерін ата. 15.Этиленгликолдің формуласы 16.Глицериннің формуласы 17.Нитроглицерин деген не? | Оқушылар өз топтарымен кезектесе отырып, интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап береді.
| ||
| 2-тапсырма | «Ассоциация». Спирт деген не? | Әр топ А3 форматына маркермен ойларын жазады. | ||
| 3-тапсырма. | «Бес жол стратегиясы» бойынша синквейн жазу. 1.Зат есім. Не? Спирт (1сөз) 2.Сын есім. Қандай? Жанғыш, түссіз. (2сөз) 3.Етістік. Не істеді? Жанады, буланады, ұшады.(3сөз) 4.Төрт сөзден тұратын сөйлем: Спирт түссіз, жақсы жанады. 5.Синоним. Спирт – органикалық зат, оттекті органикалық қосылыс. | Оқушылар синквейн жазады. | ||
| 4-тапсырма. Түсіну. (5 минут) | «Мағынаны тану» 1.Этил спирті 2.Метил спирті 3.Этиленгликоль 4.Глицерин
Таратпа материалмен жұмыс. Таратпа материалдар төменде келтірілген. | оқушылар спирттердің әр өкіліне қысқаша сипаттама беріп өтеді.
Топтағы кейбір оқушылар таратпа қағазбен жұмыс жасайды. | ||
| 5-тапсырма. Қолдану. (6 минут)
| І.Тәжірибелер жасау. 1.Тұрмыстық, тазалық құралдарында спирттердің бар екендігін дәлелдеу. 2.Спирттің а) жұмыртқа ақуызына; ә) асбұршақ дәніне, б) ет фаршына әсерін көрсету. ІІ.Есептер шығару. 1.5 моль глюкоза ашығанда түзілетін этанолдың зат мөлшері нешеге тең? 2.16 г этил спиртін жаққанда көмірқышқыл газының (қ.ж.) қандай көлемі түзіледі? 3.Глицериннің құрамындағы оттектің массалық үлесін есептеңдер. | оқушылар тәжірибе жасайды, өзгерісін сипаттап айтады. | ||
| 6-тапсырма. Талдау. (5 минут) | Дебат. Дебат барысы төменде келтіріледі. Спирттерді өндіру қажет пе, жоқ па? Ия, жоқ, бейтарап пікірлер айтылады. | үш топ оқушылары пікірлерін ортаға салады. | ||
| 7-тапсырма. Жинақтау. (6 минут) | «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша оқушылардың алған білімдерін жинақтау. әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”. Ақ (ақ бұлттар) — спирттер туралы сандық мәлімет, деректер беру. Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру. Спирт сөзіне деген көзқарас. Қара (тұман) – этил спиртін өндіруді шектеу мүмкін емес. “бұл орындалмайды, себебі …” Сары (күн) – «неге, бұл міндетті түрде орындалады!» салауатты өмір салтын ұстанған әрбір адамды толғандырады. Жасыл (дала) – метил спиртін өндірудегі жетістіктер Көк (аспан) –көзқарастарды білдіреді, қорытындылайды. Графикалық диктантпен жұмыс. Тапсырма барысы төменде келтіріледі. | Оқушылар жауап береді. Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер Қызыл шляпа – ішкі сезім Қара шляпа – логикалық негативті ойлау Сары шляпа – логикалық позитивті ойлау Жасыл шляпа – шығармашылық ойлау Көк шляпа – ойлау процесін басқару
Иә, жоқ деген жауаптарды беру арқылы шығарады. | ||
| 8-тапсырма. Бағалау. (3 минут) | Баға беру. Тобықтай түйін. Слайд беттерінен спирттердің «бағасын» беру. «Табиғатта ешнәрсе артық жаратылмаған Дұрыс пайдалана білсең, бәрі де қажет» Спирттер туралы тақырыптан адамзат проблемасының бірімен, шешу жолдарымен таныстық, т.б. | оқушылар пікірмен толықтырып отырады.
| ||
| Үйге тапсырма (2 минут) | 53, 54-тақырыптар оқуға. «Этил спирті – сұйық наркотик» тақырыбында мәнжазба | Оқушылар күнделігіне жазып алады. | ||
| Оқушыларды бағалау (2 минут) | Топ басшысының бағалауын тыңдау. Мұғалімнің формативті және суммативті бағалауы | Топ басшысы тобындағы оқушыларды бағалайды.
| ||
| Сабақты қорытындылау. (2 минут) | Сабақты оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген сөздермен қорытындылайды. Рефлексия парағы.
Бүгін сабақта мен … білдім. Енді мен … білемін Енді мен … оқушыдан үйренемін. | Оқушылар пікірі | ||
Таратпа материалмен жұмыс
- Кестені толықтырыңыз:
| Агрегаттық күйі Зат | газ | сұйық | қатты |
| этил спирті | |||
| глицерин |
- Кестені толықтырыңыз
| № | Жалпы сипаттама | метанол | этанол |
| 1 | Молекулалық формуласы | ||
| 2 | Құрылымдық формуласы | ||
| 3 | Алынуы | ||
| 4 | Физикалық қасиеті | ||
| 5 | Химиялық қасиеті | ||
| 6 | Қолданылуы |
| № | Жалпы сипаттама | этиленгликоль | глицерин |
| 1 | Молекулалық формуласы | ||
| 2 | Құрылымдық формуласы | ||
| 3 | Алынуы | ||
| 4 | Физикалық қасиеті | ||
| 5 | Химиялық қасиеті | ||
| 6 | Қолданылуы |
- Графикалық диктант: «Иә» немесе «жоқ» деген сөздермен жауап береді.
1.ОН- тобы болса, спирттер класын құрайды
2.Еріткіш
3.Түссіз кристалды зат
4.Антифриз
5.Натриймен әрекеттеседі
6.Ылғал тартады
7.Дегидраттанады
8.Тез балқиды
9.Ашық көгілдір түсті мыс глицератын түзеді
10.Медицинада наркоз ретінде қолданылатын зат түзеді
11.Қопарғыш зат — нитроглицерин
12.Операция жасалатын жерді жансыздандыратын хлорэтан алады
13.Дезинфекциялауда пайдаланады
14.Пластмасса алады
15.Майлар жасау үшін қолданылады
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Адамға зиян тигізбей,
Ғаріптің көңілін күйгізбей,
Шайтанға беттен сүйгізбей
Жүрегіңді нұрмен жу!»
Шәкәрім атамыз айтпақшы, жүрегіміз таза, нұрлы болсын!
Бағалау парағы
Бағалау 5 балдық жүйемен бағаланып, жалпы қорытынды жасалады
| № | Оқушының аты-жөні | 1-тапсырма | 2-тапсырма | 3-тапсырма | 4-тапсырма | 5-тапсырма | 6-тапсырма | 7-тапсырма | 8-тапсырма | Топ басшы сының бағалауы | Мұғалім нің бағалауы
|
| 1 | Топ басшысы
| ||||||||||
| 2 | |||||||||||
| 3 | |||||||||||
| 4 | |||||||||||
| 5 | |||||||||||
| 6 | |||||||||||
| 7 | |||||||||||
| 8 |

