Мектепішілік Абай оқулары 2017
Мақсаты: Өзге ұлт өкілдері арасында қазақтың дана ақыны, дара ақыны, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің ешқашан да санамыздан өшпейтіндігін көрсетіп, еңбектерінің құндылығын, көркемдігін дәріптеу, насихаттау.
Көрнекіліктері: Абай Құнанбайұлының суреттері мен өмірбаяны жазылған буклет, ақын кітаптарының көрмесі, шарлар, қанатты сөздер жазылған қағаздар.
(Фанфар)
1-жүргізуші:
- Қайырлы күн, құрметті байқауға қатысушылар, ұстаздар,оқушылар ! Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі, қасиетті де аруақты, әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі – Абай туралы сыр шертпекпіз.
2- жүргізуші :
- Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелері болады ғой .Абайдың сөзі- халқымыздың, ұлтымыздың ұраны. Абай – алты алаштың, иісі қазақтың мақтанышы.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, — деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
2-жүргізуші:
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай — үні, ана тынысы — заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
1-жүргізуші:
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылып отырған «Абай оқуларына» қош келдіңіздер!
Байқауға қатысушыларымыздың саны саусақпен санарлықтай. Дегенмен де бақтарын сынап, көпшілік қауымға өз өнерлерін паш етпекші. Ендеше байқауға қатысушыларымызбен таныс болайық:
- Колесников Сергей-5сынып оқушысы. Сергей бос уақытында
- Козлова Снежана- 5 сынып оқушысы. Снежана —
3.Назаренко Анна-6 сынып оқушысы. Біздің Анна әлем чемпионы атағын жеңгісі келеді.
- Балашова Оля – 7сынып оқушысы. Оля —-
- Тырышкин Лев – 7 сынып оқушысы. Левтың өлең шығаратын қасиеті бар.
- Дауренбекова Надя – 8сынып оқушысы. Надя — —
- Боранчук Денис – 9сынып оқушысы
- Старилова Мария — 10 сынып оқушысы.
- Лунгол Константин – 10 сынып оқушысы.
Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз. Сайысқа дайындала берулеріңізге болады.
2- жүргізуші:
Келесі кезекте сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу)
2- бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Абайдың қара сөздерін жатқа оқу)
3-бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай немесе халық әндерін орындау )
Әр кезеңнен соң ұпай саны төмен 3 қатысушы сайыстан шығып отырады.
1-жүргізуші:
Және де осы сайымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра өтейін.
Қазылар алқасының төрайымы- Тәрбие ісінің меңгерушісі
Мүшелері: 1.
2.
Бір ерекше айта кететін жайт бұл мектепішілік «Абай оқулары» байқауынан жеңіске жеткен оқушылар аудандық «Абай оқуларына» жолдама алады.
2-жүргізуші:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,-
дей отырып, сайыстың «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз. (Әр қатысушы өлең оқығанда артында музыка ойнап тұрады)
Номер. Зал қараңғыланып, сахнадағы Абай портретіне май шам жарығы түсіріледі.Мағжан Жұмабаевтың Абайға арналған өлеңі оқылады.) (музыкалық нөмір)
1-жүргізуші:Дана халқымыз «Сөз тапқанға – қолқа жоқ» дейді. Ендеше қай жерде жүрсе де . сөз байлығының арқасында тығырыққа тірелмей, сөз тауып айта алатын қатысушыларымызға кезек берейік. Яғни «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде қатысушыларымыз өздеріне ұнаған, жандарына жақын Абайдың кез келген қара сөзін жатқа оқитын болады.
(музыкалық нөмір)
2-жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті «Әнді сүйсең, менше сүй» кезеңіне берейік.
1.
2.
3.
Міне, осымен байқауымыз өз мәресіне де жетіп қалды. Әділ-қазылар алқасы әділ шешім шығарғанша залдағы көрермендерімзбен блиц-турнир өткізсек қалай қарайсың?
- Абай қашан дүниеге келді ? 1845 ж
- Абайдың шын аты кім ? Ибраһим
- Абайдың әкесі қандай адам болған ? Би,болыс.
- Абайдың анасы мен әжесінің есімдері кім ? Ұлжан,Зере
- Абай кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударды ?Лермонтов,Пушкин,Крылов,Салтыков-Щедрин.
- Абай туралы кім роман-эпопея жазды ? М.Әуезов
- Абайдың қандай өлеңдерің білесіңдер ?
Өте жақсы балалар, жарайсыңдар!
(музыкалық нөмір)
Ал, енді әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
1-жүргізуші: Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Аудандық «Абай оқуларынан» да жеңіспен оралуларыңа тілектеспіз. Осымен, біздің бүгінгі мектепішілік «Абай оқулары» байқауымыз аяқталды. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
- Колесников Сергей-5сынып оқушысы. Сабырсыз,арсыз,еріншек. 1қара сөз.
- Козлова Снежана- 5 сынып оқушысы. Ғылым таппай мақтанба, 31қара с.Айттым сәлем қаламқас.
3.Назаренко Анна-6 сынып оқушысы. Әсемпаз болма әрнеге, 19 қ.с
- Балашова Оля – 7сынып оқушысы. Құлақтан кіріп,бойды алар. 24 қ.с Желсіз түнде жарық
- Тырышкин Лев – 7 сынып оқушысы. Жігіттер,ойын арзан,күлкі қымбат. 20қ с
- Дауренбекова Надя – 8сынып оқушысы. Күз.16қара сөз.Көзімнің қарасы.
- Боранчук Денис – 9сынып оқушысы.Патша құдай сиындым.23қ.с
- Старилова Мария — 10 сынып оқушысы.Өлсем орным қара жер.33 қ.с
- Лунгол Константин – 10 сынып оқушысы.Интернатта оқып жүр.31қ.с

