Мектеп: Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Мендигалиева Р. К
СЫНЫП: 7
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Бөлім:
Денелердің өзара әрекеттесуі
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Серпімділік күші, Гук заңы туралы негізгі түсінік қалыптасады, Гук заңын тұжырымдай алады
Оқушылардың басым бөлігі: Гук заңын тұжырымдап, формуланы пайдаланып есептер шығара алады
Кейбір оқушылар: алған білімдерін өмірде қолдана алады, өз бетімен іздене отырып, идея туындата алады;
Бағалау критерийі
1. Серпімділік күші туралы негізгі түсінік қалыптасады;
2. Гук заңын тұжырымдай алады
3. Негізгі формуланы пайдаланып есептер шығара алады
4. Тәжірибе жасай алады
5. Шығармашылықпен айналысады
6. Өмірмен байланыстырып мысал келтіре алады
Тілдікмақсат
Оқушылар:Оқылым: Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.
Тыңдалым: Бейнекөрсетілім «Гук заңы»
Айтылым:Берілген сұрақтарға жауап береді
Жазылым: арнайы тілдік терминология, есептер шығарады, сөздікпен жұмыс жасайды
Негізгі сөздер мен тіркестер: деформация, созылу, сығылу, динамометр, қатты, жұмсақ
Сөздікпен жұмыс
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Күш
Сила
Ғorce
Серпімділік
Упругость
Elasticity
Гук заңы
Закон Гука
Hooke’slaw
Деформация
Деформация
Deformation
Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: серіппе, динамометр
Талқылауға арналған тақырыптар: деформация түрлері, серіппе динамометр, серіппенің қатаңдығы
Сіз күш серіппенің ұзаруына және қатаңдыққа тәуелді екенін айта аласыз ба?
Жазу үшін ойға салу: Деформация себебі, cерпімділік күші, Роберт Гук
Алдыңғы оқу
Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер, жылдамдық, тығыздық, күш туралы мағлұмат, деформацияның түрлері
Құндылықтарға баулу
— «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 4 -ші құндылығы Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу (Тұлға күштің әсерінен дененің деформацияға ұшырайтынын білуі, материалды таңдай білуі, индустрияландыру үрдісінде жаңашылдыққа ұмтылуы);
— өмір бойы оқуға дайын болу;
— жауапкершілік;
Пән аралық байланыс
Жаратылыстану, информатика, математика, ағылшын
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басы-10 мин
Ұйымдастыру
3мин
Білу
Үй тапсырмасы3мин
Түсіну
4мин
1.Сәлемдесу, оқушыны түгендеу, психологиялық ахуал орнату:
Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!
Әр оқушыға 10-15 секунд аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін оқушылар жаңағы өзіне тілеген тілектерді қасындағы оқушыға айтады, солай жалғаса береді.
2.Сыныпты топқа бөлу «Заттар бойынша бөліну»
«Миға шабуыл»
1тапсырма. Келесі денелердің қасына деформация түрлерін жазындар:
Әр түрлі серіппені тұрғыға кезекпен іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылайды. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алады. Қатаңдығы басқа серіппені тұрғығы іліп, оған алдыңғы серіппеге ілген жүктерді ретімен іліп созылуын бақылайды. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырады. Алдыңғы серіппенің ұзаруымен салыстырып қорытынды жасайды
Бағалау критерийі
Дескриптор:
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында қорытынды жасай отырып, серпімділік күшін Гук заңын пайдаланып есептейді
1. Қауіпсіздік ережесін сақтайды
2. Құралдарды ажыратады
3. Өлшей алады
4. Формулаға қойып есептей алады
5. Материалдарды ажырата алады
6. Серпімділік күші дененің жасалған материалының қатаңдығына тура пропорционал екенін біледі
7. Қорытындысын жаза алады.
Дескриптор бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды
Тұрғы, қатаңдығы әр түрлі серіппелер, жүктер жиынтығы, сызғыш,
Талдау
8мин
Жұптық жұмыс: «Көршіңмен жұптас»
№1.Резеңке таспаның қатаңдығы 7,2*104Н/М. Егер таспаға кН күш әрекет ететін болса, онда ол қандай шамаға созылады?
№3. Серіппенің қатаңдығы 5*103Н/М. Оның серпімділік қасиеті сақталатын шектік ұзаруы 16мм. Егер серіппеге 50H, 100H күш түсіретін болсақ, серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?
Бағалау критерийі
Дескриптор:
Гук заңының формуласын біледі.
Есеп мазмұнын түсініп, шартын жаза алады.
Өлшем бірліктерін ХБЖ-ға келтіре алады.
Есептерді шығару кезінде формуланы тиімді пайдаланады
Математикалық есептеулер дұрыс
ҚБ«Екі жұлдыз, бір тілек»
Карточкалар
Жинақтау
4мин
«Өрмекші торы»
Қолдарындағы лентаны бір біріне лақтыра отырып, бүгінгі сабақтан алған негізгі түсініктерін бір сөзбен жеткізеді
Бағалау критерийі
Дескриптор:
Тақырып бойынша негізгі түсінік қалыптасады.
Терминдердің аудармасын толық біледі;
ҚБ Мадақтау арқылы «Өте жақсы», «Жарайсың»
Ұзын лента
Соңы
5 мин
Рефлексия:
5 мин
Блоб ағашы
Оқу жетістігінің деңгейі
Білу
Өткен тақырыпты толық меңгереді.
Түсіну
Қойылған проблемалық сұрақтарға пікір айтады.
Қолдану
Тәжірибе жасау барысында Серпімділік күшін Гук заңының формуласын пайдаланып есептейді
Талдау
Формуланы тиімді пайдаланып, есептер шығара алады.
Жинақтау
Бүгінгі сабақтан алған негізгі түсініктерін бір сөзбен жеткізеді
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?