«Мен-кіші Отанымның патриотымын»
| Тақырыбы | «Мен-кіші Отанымның патриотымын» | Күні:02.09.2017 Сыныбы:3 а | |||||||
| Мақсаты | Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу
| ||||||||
| Міндеттері | — білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету; — білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу; — білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту; — білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту; — жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру; — Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру. | ||||||||
| Күтілетін нәтиже | Отан туралы ұғымдарын кеңейтеді, патриот деген сөздің мағынасын ашады, еліне қызмет етіп жүрген азаматтармен танысады. | ||||||||
| Ресурстар | Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар Қазақстан Республикасыныңкартасы (физикалық, саяси) Қазақстан экономикасының әртүрлі саласына үлес қосқан атақты адамдардың суреттері және т.б. Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», «Менің Қазақстаным» әндерінің аудио жазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі, «Astana EXPO – 2017 5 ғимараты» бейне
| ||||||||
| Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары | Интерактивті тақта Бейнепроектор Компьютер | ||||||||
| Үлестірмелі материалдар | Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер және т.б. | ||||||||
| Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | «Мен-кіші Отанымның патриотымын» | ||||||||
| Дайындыққа арналған әдебиет
| 1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy 2. 2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі. 3. http://www.metod-kopilka.ru/klassnyy_chas_po_kazahstanskomu_patriotizmu_quotya_-_patriot_rkquot-22113.htm 4. http://collegy.ucoz.ru/publ/65-1-0-15615 5. http://collegy.ucoz.ru/publ/41-1-0-22272 6. Мыңбаев А.К.,Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или КАК ИНТЕРЕСНО ПРЕПОДАВАТЬ. – Алматы, 2007. 7. Карты ума – правила составления http://rumapping.ru/mind-maps/creation/mindmaps-pravila 8. Двуличанская Н.Н. Интерактивные методы обучения как средство формирования ключевых компетенций // Наука и образование: электронное научно-техническое издание. – 2011. 9.http://flatik.ru/patrioticheskoe-vospitanie-shkolenikov-celi-i-zadachi 10.http://festival.1september.ru/articles/565945/ | ||||||||
| Ұйымдастыру | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | |||||||
| Ынтымақтастық атмосферасы. Шаттық шеңбері. «Тілектер бұрқасыны» | Оқушылар шеңбер құрып тұрып, бір-бірлеріне допты лақтырып тілектер айтады. | Әр оқушы өз сыныбына биылғы оқу жылына тілектер айтады. | |||||||
| Ой қозғау | 1. Қазақстан туралы видеоролик көрсетеді. 2. Оқушыларға кесте таратып беріп, толтыруын сұрайды.
3.Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? | 1. Бейнеролик көреді
2. Кесте толтырады
3. Өз ойларын ортаға салады. | |||||||
| Мағынаны тану | ᴥ Жобалық пікірталас. Елестетіп көріңізші, сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз: 1) Көршілерде өрт болды… 2) Науқасқа шұғыл қан тапсыру қажет болды… 3) Бөтен адам үшін дәрі-дәрмекке барып келу қажеттігі туындады… ᴥ Отанға қызмет жасауда менің болашақ мамандығым. Шағын топтарда кластермен жұмыс істеу және оны қорғау.
| Пікірталас орнату
Постермен жұмыс | |||||||
| Білгенге маржан | 1.Елімізді әлемге танытатын жолдар? 2. Биылғы жылғы елеулі оқиға? Бейнебаян көру | Оқушылар жауабын тындау | |||||||
| Қорыту | Видеоролик көру. | ||||||||
| Бүгінгі сабақты «Бас бармақ» әдісімен бағалайды | Бір- бірін бағалап, қолпаштап отырады | ||||||||
| Рефлексия | «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі. Сабақтың нәтижесінде білім алушылар: — құндылықтарды декларациялау (мысалы, «Патриот болу — бұл азаматтық ұстанымының болуы»); — құндылықты оған қол сұғушылықтан қорғауды; — іс-әрекеттерді білдіретін құндылық қарым-қатынасты (мысалы, көмекке келу немесе адамға көмектесуді сұрау); — құндылықтарға деген нақты көзқарасты іс жүзінде іске асыруды ұйымдастыруды (мысалы, ұсыныс: «Іс-шаралар өткізетін жер болуы үшін мектеп айналасын тәртіпке келтіру») меңгереді.
| Ой толғау | |||||||
